Аймақтар • 31 Тамыз, 2020
Мақтааралда тасқын судан зардап шеккен мектептер оқу жылына дайын
Сардоба су қоймасының жарылуы салдарынан Түркістан облысы, Мақтаарал ауданындағы Жаңажол ауылдық округіне қарасты Өргебас және Фирдоуси елді мекендеріндегі екі мектепті су басып, зақым келген болатын. Бүгінде толық күрделі жөндеуден өткен мектептер жаңа оқу жылына дайын, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Үміт • 31 Тамыз, 2020
Қазақ қызы "Қытай дауысы" музыкалық жобасында сәтті өнер көрсетті
Қытайдағы танымалы өнер бәсекесінің бірі саналатын "Қытай дауысы" (Sing! China) музыкалық жобасына қатысып жатқан қандасымыз Мәдина Думанқызы жарыстың алғашқы кезеңінен сәтті өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Коронавирус • 31 Тамыз, 2020
Орталық Азияда 225 мың адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған
Орталық Азияда тіркелген COVID-19 коронавирустық инфекциясының саны өткен тәулікте 627-ге көбейіп, дүйсенбі күні таңертең 225 608-ге жетті, деп хабарлады Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның тиісті ведомстволары. Бұл туралы Egemen.kz Интерфакс-Қазақстан ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып жазады.
Оңтүстік Қазақстан • 31 Тамыз, 2020
Шымкентте жоғалып кеткен жасөспірім табылды
Шымкентте үйінен шығып, хабарсыз кеткен жасөспірімді полиция қызметкерлері тауып, туыстарына қайтарды. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Экономика • 31 Тамыз, 2020
ЕАЭО мұнай саласындағы заңдарды үйлестіру бойынша "Жол картасын" әзірлейді
ЕЭК Алқасы жанындағы Мұнай және газ жөніндегі консультативтік комитеттің мүшелері Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің мұнай саласындағы заңнамасын үйлестіру бойынша "Жол картасын" талқылады. Тараптар құжат жобасымен келісіп, оны әрі қарай ЕЭК Кеңесінде және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте қарау туралы келісілген шешім қабылдады. Бұл құжат 2020 жылдың соңында бекітіледі деп жоспарлануда, деп хабарлайды Egemen.kz комиссияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.