«Таза Қазақстан» • 26 Тамыз, 2025
Ақкөл ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы қолдау тапты.
Ақкөл қаласындағы телемұнара маңында «Таза Қазақстан – Таза Өлке» атты ауқымды экологиялық акциясы өтті. Бұл шара тұрғындардың, әсіресе жастардың табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға және экологиялық сананы арттыруға бағытталған республикалық бастаманың бір бөлігі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Тамыз, 2025
Келген қандас қамқорлықсыз қалмайды
Жыл басынан бері 8 051 этникалық қазақ атажұртқа оралып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері елге 1 млн 156,1 мың этникалық қазақ оралды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Тамыз, 2025
Отбасы банктің пилоттық жобасы: Қосшыда 560 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізеді
Қазақстан Конституциясының 30 жылдығы қарсаңында Ақмола облысында ерекше пилоттық жоба іске қосылды. Ел тарихында алғаш рет тұрғындарды баспанамен қамтамасыз етудің жаңа форматы «Отбасы банкінің» базасында жүзеге асырылуда. Бұл жүйенің алғашқы қадамы жас, қарқынды дамып келе жатқан қала – Косшыдан басталды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 26 Тамыз, 2025
Astana 2025 World Boccia Challenger: Қазақстан құрамасы жекелей финалда бес медаль жеңіп алды
25 тамыз күні Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан Astana 2025 World Boccia Challenger турнирінің жекелей финалдық кездесулері өтті, деп жазады Egemen.kz.
Абай • 26 Тамыз, 2025
Семейде Хакім Абайға қатысты халықаралық конференция өтіп жатыр
Абай облысында Абайдың 180 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар легі жалғасуда. Онкүндіктің тоғызыншы күнінде Семейдегі Шәкәрім университетінде «Адамзаттың Абайы: руханият, парасат, таным» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Оған Түркия, Нидерланды, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан секілді алыс-жақын шетелдерден және еліміздің әр өңірінен абайтанушылар мен әдебиеттанушылар, философтар мен тарихшылар қатысты, деп жазады Egemen.kz.