Руханият • 03 Тамыз, 2020
Қазақ халқы ежелден әділдікті өмір сүрудің өзегі деп білген. Яғни қай заманда, қай кезде болмасын қоғамды береке мен бірлікке бастайтын, елдің шаңырағын шайқалтпай, іргесін сөктірмей ұстап тұратын ұстыны – әділдік. Атақты қытай ғұламасы Күңзі қария «Әділдігі жоқ қоғам – ешқашан кемелденбейді» деген екен.
Қоғам • 03 Тамыз, 2020
Тойдың нағыз қызатын науқанында асабалар қауымы арқандаулы. Себеп түсінікті. Елдегі карантин еркіндіктен айырып, торқалы той түгілі, топырақты өлімге де баруды тоқтатты. Наурыздан бері нәпақасыз қалғандардың қатарында елдің қызықшылығына қызмет ететін асабалар да бар. Үш ай үйден шықпай жатқан той тізгіншілері немен айналысып жатыр, тойға мораторий жариялауға олар қалай қарайды? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын іздеп көрейік.
Экономика • 03 Тамыз, 2020
«Шикізат дәуірінен» кейінгі экономика қандай үлгімен дамуы керек?
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда шикізат секторының дамуына байланысты оң нәтижелі экономикалық өсім болды. Алайда қатал да қатыгез нарықтық орта көрсеткендей, өнеркәсіпті әртараптандырмағандықтан, экономикамыз әлжуаз күйінде қалды. Шикізат нарығындағы сыртқы факторлардың әсерінен өсім өте тұрақсыз болып, циклды негіздегі бірнеше дүркін дағдарысқа душар болдық.
Қоғам • 03 Тамыз, 2020
Түбінде адамдар Жермен де қоштасатыны анық. Ғалымдар ғаламшардың тұрақсыздығына тіс батыра алмай отыр. Америкалық ғалым Робин Хэнсонның айтқаны айдай келді-ау дейсіз қазір. Оның: «Бізде Жерді жоюға жетерлік технология бар, бірақ апат болған жағдайда аман алып қалатын технология әзірлемедік», деген тұжырымдамасы ойлантпай қоймайды. Әлемдегі жағдайдың астарына қараңызшы. Әйтпесе Илон Маск неге Марсқа асығады?
Білім • 03 Тамыз, 2020
Қазақстандық оқушылар төрт қола медаль жеңіп алды
Қазақстанның құрама командасы химия пәнінен Халықаралық олимпиадаға қатысты (International Chemistry Olympiad-IchO). Олимпиада қорытындысы бойынша құрама команда төрт қола медаль жеңіп алды. Covid-19 коронавирустық инфекция пандемиясы жағдайында халықаралық жарыс қашықтан өтті.