Қоғам • 04 Тамыз, 2020
Статистиканың дәлдігі індетке қарсы іс-шараларды нақтылайды
Қаупі сейілмеген зауалдың тигізіп жатқан зардабы орасан. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше туиттердегі парақшасында осы дерттен қайтыс болған азаматтардың қазасы қабырғасына бататынын, коронавирус пен өкпе қабынуынан көз жұмғандардың саны әлі де жоғары екенін айтты. Президенттің пәрменімен тамыздан бастап пандемияның таралу ауқымын нақты бағамдау үшін коронавирус пен өкпе қабынуының статистикасы біріздендірілді.
Руханият • 04 Тамыз, 2020
Бұл әулеттің басына бақ та қонды, қара бұлт та үйірілді. Арғы бабасы – заманында 12 мың жылқы біткен, Кіші жүздегі байтақ Байұлының бас старшыны атанған Есенгелді тархан Жанмырзаұлы. Жанмырзадан тараған Итемген, Сүтемген ұрпақтарының ішінен де талай мықты шыққан екен. «Далалық Ромео мен Джульетта» атанған Бекей мен Мәуләнаның тағдырын 1833 жылы осы аттас повесіне арқау еткен орыс жазушысы Владимир Даль ол шығармасын 1845 жылдары француз тілінде Парижде жариялап, Есенгелді бай мен оның ұлы Бекейдің арасындағы трагедияны әлемге паш еткен екен. Оның өзі жеке мақаланың тақырыбы...
Оқиға • 04 Тамыз, 2020
Павлодарлық өрт сөндірушілер бес қабатты тұрғын үйдегі өрт кезінде бес баланы құтқарды.
Аймақтар • 04 Тамыз, 2020
Ниет пен құлшыныс тізе қосса, талапты жастың қолынан келмейтін дүние жоқ. Мұны көкше теңіз жағасындағы Балқаш қаласында тұратын Мақсат Тақабаев есімді еңбекқор жігіт іспен тақа дәлелдеп жүр. Қазір ол Made in Balkhash тауарлық белгісімен спорттық жеңсіз жейде тігіп, шаруасын дөңгелете бастады.
Руханият • 04 Тамыз, 2020
Чехия. Прага. Карловы Вары. Мұхтар Мағауин 2006 жылы осы жұмақтай мекенге қоныс аударған еді. Күнге қақталып, бассейннің қанжылым суына қос аяғын тізесіне дейін малып, маужырап отырған. Көңіл аласапыран. Аумалы-төкпелі. Бір қараса, жел құтырынып, бұлт торланып, ыссы ауаның лебі бәсеңсіп, құдды, жазып жатқан Шыңғыс ханның шабуылға шығар алдындағы тас-түйін бекінгеніндей қаһарланып, қатайып алыпты күн райы.