Руханият • 04 Тамыз, 2020
Президенттік жастар кадрлық резерві жобасына қатысқан он мыңнан астам жастың арасынан оза шауып, байқау кезеңдерінен сүрінбей өткендердің арасында ағалы-інілі Олжас пен Алмас Сәкеновтер де бар. Таяуда Алмасты әңгімеге тартудың сәті түсті. Ол бүгінде әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасының экономика, денсаулық сақтау мемлекет-жекеменшік әріптестігінің маманы.
Руханият • 04 Тамыз, 2020
«Атыңнан айналайын Қарқаралы, сенен бұлт, менен қайғы тарқамады», дейді Мәди. Жалпы, көркем әдебиетте мұң басқан көңіл, халық басындағы қайғылы жағдай көк жүзін тұтып алған қалың бұлтқа теңелетіні белгілі. Өйткені аспанды бұлт торлағаны адамның көңіл күйіне де әсер етеді. Жарқ етіп бұлт астынан күн шықса, көңіл де көтеріліп сала береді.
Аймақтар • 04 Тамыз, 2020
Қоқысты қайта өңдеу Батыс Қазақстанда қашан жолға қойылады?
Батыс Қазақстан облысында жиналып қалған тұрмыстық қалдықтардың көлемі 6,3 млн тоннаға жеткен. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметіне қарағанда, өңірде жылына 108 мың тонна тұрмыстық қатты қалдық пайда болады.
Қоғам • 04 Тамыз, 2020
Болашаққа қажет мамандықтар қандай болмақ?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында білім саласын реформалаудың негізгі басымдықтарын атап өтіп, жоғары оқу орындарын кезең-кезеңімен салаландыруға, мамандықтарды толықтырып, білім сапасын арттыруға жағдай жасау жөнінде тапсырма жүктеген болатын. Қазір осы тараптағы негізгі бағдар айқын, бөлінетін қаржы көлемі белгілі. Бүгінде жоғары оқу орындарына құжат тапсырып жатқан жас буын өкілдері үшін маңызды дүние – келешекте кәдеге жарайтын мамандықтарды анықтап алу болмақ.
Экология • 04 Тамыз, 2020
Дұбығалы көліндегі демалушылар жағалауда күніне 1 тонна қоқыс қалдырады
Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, ел аумағының көрікті жерлеріндегі демалыс орындарында заңсыз қоқыс орындарын анықтау мен оны жою бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде. Өткен аптада Шығыс Қазақстан облысының экология департаменті мен экологиялық қауіпсіздік орталығының мамандары рекреациялық аймақтардағы рұқсат етілмеген қоқыс орындарын анықтау мен оны жою бойынша тексерулер жүргізіп, кезекті рейдті өңірдегі тамаша табиғат мүйістерінің бірі саналатын Дұбығалы көліне жүргізді.