Қазақстан • 27 Тамыз, 2018
Экология мен адам өмірі айрықша бақылауда
Ғарыш саласының мамандары 2002 жылдан бері қарай Байқоңырдағы бірнеше ғарыштық алаңдардан ұшқан 158 зымыран-тасығыштың Қазақстанның үстінен өту барысын жіті бақылауда ұстап келеді. Ұшу барысында жанармай шамасына қарай жанып таусылған немесе шала жанып шашылған ауыр техниканың бірінші сатысы құлайтын 18 ауданға мамандар уақыт өткізбей аттанады, барлық мәліметті тіркейді. Бұл аумақта тұрып жатқан халықтың денсаулығына Байқоңырдағы әрбір ғарыштық ұшудың қаншалықты әсер ететіндігі туралы деректер қажетінше жинақталған, құжаттар қатталған.
Қазақстан • 27 Тамыз, 2018
Атом энергетикасы – ғаламдық энергетика жүйесінің маңызды саласының бірі. Бұдан ондаған жылдар бұрын пайда болған АЭС электр энергиясы өндірісіне айтарлықтай үлес қосып, саланы алға жылжытқаны анық. Бүгінде АЭС-терде өндірілетін электр энергиясының көлемі әлемдегі барлық өндірілген энергияның 17 процентін құрайды. Бұл АЭС қызметінің зор маңызы бар екенін ұқтырады.
«Ақылды қоғам» құрылар ма екен?
Бұрын «ақылды» деген сөз адамға ғана қатысты айтылушы еді. Сонан кейін кейбір жағдайларда адамның серігі саналатын жылқы мен итке қатысты «ақылды жануар», «есті хайуан» түрінде аздап қолданылып қалатын. Ал енді қазір қарасаңыз, жылдан-жылға қарқын ала түскен жаңа технологиялардың дүмпуі нәтижесінде «ақылдылар» қатары көбейіп келе жатқандай. Мәселен, әлемде «ақылды фермалар» пайда бола бастады. Бұл үдерістің соңы «ақылды ауыл шаруашылығын» құруға алып келмек. Сарапшылардың пікірінше, «ақылды фермалар» құрамына кіретін жан-жануарлар да болашақты ақылды бола түсуге тиіс. Өйткені тірі жануарлар құлағына орнатылатын чип арқылы басқарылып, бірте-бірте технологиялық жүйе ішінде тіршілік ету тәртібін қабылдайтын болады.
Қазақстан • 27 Тамыз, 2018
Конституция деген сөздің өзі латын тіліндегі constitutio деген сөзден алынып, ол аударғанда «құрылым», «құрастыру», «орнату» деген мағынаны білдіреді екен. Елдің негізгі заңын осылай атау – бұл оның мемлекет құрудағы негізгі өзек екенін білдірсе керек. Біздің түсінігімізде Конституция заң күші бар айрықша құқықтық құжат. Ол мемлекеттің саяси, құқықтық, әлеуметтік және экономикалық жүйелерінің негізін қалайды.
Ұлттық спорт • 27 Тамыз, 2018
ШҚО Көкпекті ауданында «Жігіт сұлтаны-2018» байқауы өтті
Шығыстың білекті де жүректі, өнерлі де білімді жігіттері Толағай тауы баурайындағы Көкпекті ауданында бас қосты. Аудан әкімдігі мен облыстық Ішкі саясат басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырған «Жігіт сұлтаны-2018» байқауында өңірдің әр аймағынан келген, әр салада еңбек ететін 12 жігіт бар өнерлерін паш етті.