Аймақтар • 27 Тамыз, 2025
Таразда жұмысшы жастарға арналған облыстық форум өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2025 жыл Қазақстанда «Жұмысшы мамандықтары жылы» болып жарияланды. Осы бастаманы қолдау мақсатында «AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық филиалы Тараз қаласындағы «Қазфосфат» минералды тыңайтқыштар зауытының өндіріс аумағында «Жұмысшы жастар аманаты» атты облыстық форум өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 27 Тамыз, 2025
Қазанда «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті
2025 жылдың 26 тамызында Қазан қаласындағы Мұса Жәлил атындағы академиялық мемлекеттік опера және балет театрында қазақстандық композитор Хамит Шанғалиевтің «Хан Сұлтан. Алтын Орда» атты операсы алғаш рет көрермен назарына ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 27 Тамыз, 2025
Қазақстан Президенті мен Иордания Королі Astana Hub кластеріне барды
Қасым-Жомарт Тоқаев пен ІІ Абдалла бен әл-Хусейн Astana Hub халықаралық кластерін аралау барысында еліміздің ІТ және жасанды интеллект саласындағы жетістіктерімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шаруашылық • 27 Тамыз, 2025
«Қазсушардың» техника паркі 31 пайызға жаңартылды
Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғалы «Қазсушар» РМК-ның техника паркін жаңарту жұмысы белсенді жүргізіліп келеді. Бүгінде жаңа құрал-жабдықтар мен автокөліктер кәсіпорынның барлық арнайы техникасының шамамен 31%-ын құрайды, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 27 Тамыз, 2025
Конституциялық сот – құқық қорғаудың қосымша құралы
Биыл Бас редакторлар клубы мен Конституциялық сот арасында ынтымақтастықты күшейтуге арналған меморандумға қол қойылған еді. Осы келісімнің аясында бұқаралық ақпарат құралдарына құқық тақырыбында семинарлар өткізу жоспарланған. Соның аясында Конституциялық сот өкілдері бұған дейін «Qazqontent» АҚ-да, «Qazaqstan» телерадиокорпорациясында кездесу өткізсе, бүгін «Қазақ газеттері» медиахолдингінде журналистермен жүздесті. Жиын барысында соттың құзыреті, азаматтарға берілген жаңа мүмкіндіктер және өтініштерді қарау тәртібі талқыланды. Серіктестік директорының орынбасары Қамбар Ахмет кездесуге модераторлық етті, деп жазады Egemen.kz.