Әдебиет • 01 Тамыз, 2022
Иә, Толстойды түсіну қиын. Бәлки, ой биігіміз жетпейді. Бәлки, ол басқа ғаламшарда өмір сүрген. Толстой ақсақалды түсінбейтініміз сол, жазушы өзінің жұлдызды шығармалары – «Соғыс және бейбітшілік» пен «Анна Каренинаны» аса менсінбейді. Немқұрайды қарайды. Бұл ойын, тіпті қырық жылдан кейін де өзгерткен жоқ. Мәселен, 1871 жылдың қаңтарында Фетке жазған хатында: «Енді «Соғыс» тәрізді мылжыңға толы дүние жазбайтыным үшін сондай бақыттымын», дейді. «Мылжың» екен.
Егемен Қазақстан • 01 Тамыз, 2022
Сөз етпек болып отырған кейіпкерімізбен менің ең алғаш қашан, қалай танысқаным нақты есімде жоқ. Кейіпкеріміз деп отырғаным – әріптес іні, 18 жыл «Егемен Қазақстанда» тізе қосып жұмыс істеген азамат Еркін Қыдыр. Оның өзінің айтуы бойынша 80-жылдардың басында ол стажер студент, мен газет қызметкері «Лениншіл жастың» дәлізінде кездесіп, сәлемдесіп жүріппіз. Иә, бұл ҚазМУ-дың 3-4-курсында оқитын журфак қыз-жігіттерінің жастар басылымына тоқсан сайын топталып келіп, өндірістік тәжірибеден толассыз өтіп-кетіп жататын кезі-тін. Міне, солардың қатарында Еркін де болған екен. Атап айтқанда редакциядағы Жарылқап Бейсенбаев басқаратын адамгершілік және тәрбие бөлімінде үйренуші шәкірт міндетін атқарыпты. Одан жоғарыда аталған факультетте диплом қорғау... Университетті бітіру... Жолдамамен Шымкентке аттану... Сондағы облыстық газетке қызметке тұру...
Аймақтар • 01 Тамыз, 2022
Аудандардың дамуына айрықша мән беріледі
Кез келген аймақтың дамуы ауыл мен ауданның көрсеткішіне тығыз байланысты екені белгілі. Көрсеткіш болғанда да бұрынғыдай сан қуып, сапаны ұмыт қалдырып, жоғары цифрларды қоя салатын уақыт кетті. Жуырда өткен жиында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев алда өңірдегі өзекті мәселелерді саралап, нақты жағдайға талдау жүргізуді тапсырған болатын.
Таным • 01 Тамыз, 2022
Тараз қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде келушілер тарапынан қызығушылық тудыратын жәдігерлер аз емес. Олардың қатарында қыштан жасалған оссуарий деп аталатын киіз үй пішіндес жәдігер де бар. Музейге келушілер жұмбағы мол оссуарий туралы көбірек білуге құштар.
Өнер • 01 Тамыз, 2022
Түйе өркешін ықтап өскен көшпелі халықтың өмір салты осы картинада қатталып қалғандай. Бағзы заманда қазақ үшін қам жеген, жортуылда жүріп күн кешіп, көкқасқа құрмалдық болып, бүгінде ел жадынан шыға бастаған бабатанымның басты бағдары да осы. Біздің әдет-ғұрпымызды уақыт көші алысқа алып қашқанымен, ұлттың тамыры ескі дәуірдің қазығына байлаулы. Осыны ұмытпаңызшы...