Аймақтар • 27 Тамыз, 2019
Семейде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша пәтерлер қолжетімді болды
«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша пәтерлер қолжетімді болды. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» Семей қаласындағы филиалы жалпы құны 4 018,1 млн.теңге болатын 28,7 мың шаршы метрге, 486 пәтерлік 8 тұрғын үйді салу және іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі» Бизнесті дамыту бөлімінің бастығы Айбек Жарылғапов Қарағайлы шағын ауданында арнайы ұйымдастырылған баспасөз турында хабарлады. Баспасөз туры тұрғын үйлерді аралаумен басталды.
Аймақтар • 27 Тамыз, 2019
Ертең Алматыда Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күніне арналған дөңгелек үстел өтеді
Іс-шара Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігімен, БҰҰ-ның Қазақстандағы ақпараттық бюросымен және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп ұйымдастырылмақ.
Спорт • 27 Тамыз, 2019
Апалы-сіңлілі Немичтер 2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатысады
Синхронды жүзуден Қазақстан командасының мүшелері Александра және Екатерина Немичтер 2020 жылғы Токио Олимпиадасына қатысу нормативін орындады деп хабарлайды Olympic.kz.
Қоғам • 27 Тамыз, 2019
Қазақстан кеншілері Елбасына хат жолдады
Өз хатында кеншілер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне кәсіби мерекемен құттықтауы және тау-кен саласын дамытуға ерекше көңіл бөлгені үшін алғыс білдірді. Бұл туралы elbasy.kz хабарлады.
Сұхбат • 27 Тамыз, 2019
МӘМС: жаңа жүйе денсаулық сақтау саласын оң бағытта дамыта ма?
Жаңа жылдың алғашқы күнінен бастап емханалар мен ауруханалардағы қызмет көрсету бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қолданысқа енгізіледі. Бұл – талқылауға жатпайтын, иі қанған мемлекеттік мәселе. Бірақ, медицина ұйымдары мен тұрғындар арасындағы екіжақты әңгімеге арқау болған жұмыс барысында әлі де жетілдіретін тұстар баршылық. Осы және басқа да жайттар жайында Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақпен әңгімелескен едік.