Қоғам • 27 Тамыз, 2019
Қарағанды оқушылары оқулықтармен тегін қамтамасыз етіледі
Жаңа оқу жылында Қарағанды мектептерінің барлық оқушылары бюджет есебінен оқулықтармен толықтай қамтамасыз етіледі. Тіпті, 1-сынып табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге оқулықпен қоса дәптерлер жиынтығы да тарту етілетін болады.
Видео • 27 Тамыз, 2019
Қазақстандық спортшы Әнел Сытдықова әйгілі Ла-Манш бұғазын жүзіп өтті (видео)
Әнел Сытдықова 9 жыл бұрын түрлі елдерде триатлон жарыстарына қатыса бастаған.
Қоғам • 27 Тамыз, 2019
Үкіметте «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы бекітілді
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов таныстырған «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы мақұлданды. Алматы облысының әкімі А. Баталов пен Нұр-Сұлтан қ. әкімі А. Көлгінов заң жобасының ережелерін педагогикалық қоғамдастық өкілдерімен талқылау туралы баяндады. Сондай-ақ Үкімет отырысында жоспарланған жаңалықтарды талқылауға шақырылған Ақмола облысы Никольск орта мектебінің педагогы Н. Құттыбаева сөз сөйледі. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Қоғам • 27 Тамыз, 2019
Үкіметте 2020–2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мақұлданды
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысы кезінде еліміздің 2024 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасы, сондай-ақ 2020–2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы, 2020–2022 жылдарға арналған республикалық және облыстық бюджеттер арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы және Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы заң жобалары мақұлданды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Қоғам • 27 Тамыз, 2019
2020–2024 жылдары жан басына шаққанда IЖӨ $14,3 мыңға дейін ұлғаяды
Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Р. Дәленов 2020–2024 жылдарға арналған Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ұсынды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.