Қазақстан • 28 Тамыз, 2018
Азық-түлік сапасында кінәрат көп
Жылқының еті мен қымызы бойға – қуат, ойға шуақ екені рас. Дегенмен ел тұрғындарының бәрінің бірдей қазы кертіп, бал қымызға балбырауға мүмкіндігі жете бермейтіні де шындық. Амал жоқ, халық дүкен сөресінде тұрған сапасы күмәнді азық-түлікті тұтынады. Ал Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің деректеріне сүйенсек, сауда сөрелерінде самсап тұрған түрлі тағамның арасында құрамында денсаулыққа зиянды қоспалары көп, дұрыс сақталмаудың кесірінен бұзылып кеткен азық-түлік те аз емес.
Медицина • 28 Тамыз, 2018
Тегін дәрі-дәрмекті сатып алу жұмысы басталды
Ата Заңымызда мемлекеттің басты құндылығы адам екені нақты көрсетілген. Осы орайда адам денсаулығы мемлекеттің басты байлығы саналады. Елімізде денсаулықты қорғау саласында кешенді жұмыс атқарылуда. Соның бірі – халықтың белгілі бөлігін тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шаралары.
Медицина • 28 Тамыз, 2018
Абай атамыз 40-шы қарасөзінде «Тыныштық іздеп таба алмай жүрген жұрт тыныштық көрсе, сәтке тұрмай, тыныштықтан жалыға қалатұғыны қалай?» дегені сияқты адам баласы табиғатынан жалыққыш келеді. Әсіресе бейбітшілік пен тыныштықтың қадірін білмейді. Тіпті осы жайлы қасиетті Құранның «Ниса» сүресінде «өйткені адам баласы нашар жаратылған» дейтін аят та бар.
Қазақстан • 28 Тамыз, 2018
Есен Елеукен жаңа арнаға басшы болып тағайындалды
1 қыркүйектен бастап ойын-сауықтық «Tamasha tv» телеарнасы эфирге жол тартады.
Спорт • 27 Тамыз, 2018
Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы Азия ойындарының чемпионы атанды
Көркем гимнастикадан Қазақстан командасы ел қоржынына Азиаданың жетінші алтын жүлдесін салды деп хабарлайды Olympic.kz.