Аймақтар • 25 Тамыз, 2017
Биыл Мемлекет басшысы елімізді модернизациялаудың сара жолын жариялап, технологиялық ілгерілеу, рухани жаңғыру және экономикалық өркендеуді басты назарда ұстау керектігін айтқан болатын. Ал Елбасының адами қапиталды сақтау туралы ойы да елімізді жаһандық бәсекеге бастайтыны сөзсіз. Бұл орайда, еліміздегі білім беру жүйесінің де жаңаша қалыптасқанын айта кету керек.
Әлем • 25 Тамыз, 2017
Солтүстік Корея соғыс бастай ма?
Солтүстік Корея райынан қайтар емес. Бұл жолы КХДР Гуам аралын баллистикалық зымыранмен атқылайтынын, АҚШ-тың айбатынан сескенбейтінін мәлімдеді. Ақ үй басшысы да өз кезегінде Солтүстік Кореяның шабуылын «от және оқпен» қарсы алатынын хабарлаған-ды. Алда-жалда Ким Чен Ын Гуамды нысанаға алса, АҚШ-тың қол қусырмайтыны түсінікті. Оқиға мұндай жағдайда өрбісе, Корея түбегінде соғыс өрті лап етуі ықтимал.
Қазақстан • 25 Тамыз, 2017
Гүлшара Әбдіқалықова Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Парламент • 25 Тамыз, 2017
Сенаторлар Өскемендегі А.С. Пушкин атындағы кітапханада болды
Парламент Сенатының депутаты, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Сергей Плотников Өскемендегі А.С. Пушкин атындағы кітапханада болды.
Аймақтар • 25 Тамыз, 2017
Алматы облысында ұшақ 100 метр биіктіктен құлаған
Бүгін Алматы облысының Балқаш ауданында апатқа ұшыраған шағын ұшақ 100 метр биіктіктен құлаған. Әуе кемесіндегі ұшқыш Анатолий Федорович Меньчиков оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.