Қоғам • 28 Тамыз, 2019
Депутаттар жұртшылықпен жүздесті
Парламент Сенатының депутаты Владимир Волков Алматы облысы Қарасай ауданында болды. Тұрғындармен жүздесу барысында өнеркәсіпті, спортты дамытуға, коммуналдық сала мен тұрғын үй құрылысына қатысты мәселелер көтерілді. Сенатор Ұмтыл ауылдық округінің әкімімен, коммуналдық қызмет басшылары және өкілдерімен кездесу өткізіп, елді мекендерді сумен қамтамасыз ету, электр қуатын толассыз беру, жолды жөндеу және жарықтандыру мәселелеріне байланысты Көлді ауылы тұрғындарының ұжымдық өтініштерін қарады.
Қоғам • 28 Тамыз, 2019
«Қайырымдылық керуені» жолға шықты
Биыл екінші рет қолға алынған республикалық «Қайырымдылық керуені» байқауына өтінімдер қабылдау қыркүйектің 2-сінен басталмақ. Бұл туралы байқаудың ұйымдастырушылары Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде мәлімдеді.
Президент • 28 Тамыз, 2019
Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия құрылады
Қ. Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы қаулы қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 27 Тамыз, 2019
Қарқаралыда Алаш қайраткерлеріне ескерткіш орнатылды
Қасиетті Қарқаралы топырағына Алаштың ардақтылары Ахмет Байтұрсынұлының, Әлихан Бөкейханның және Әлімхан Ермековтің тұлғалары қоладан құйылған ескерткіш болып орнықты.
Президент • 27 Тамыз, 2019
Президент Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.