Қаржы • 28 Тамыз, 2018
Индустрияландыру – экономика игілігі
Экономиканы әртараптандыруды және оның шикізат экспортына тәуелділігін азайтуды негізгі мақсат еткелі елімізде индустрияландыру бағытындағы бағдарламаларға барынша басымдық берілді. Нәтижесінде нақты стратегиялық жоспарлар бекіп, межелі міндеттер белгіленді. Бастысы, индустрияландыру бағдарламасы өңдеу секторының дамуына оң әсерін тигізді.
Әлем • 28 Тамыз, 2018
Арал теңізінің тағдыры – әлем назарында
Бұған дейін Түрікменстанда Орталық Азия мемлекеттері – Қазақстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан президенттерінің қатысуымен Халықаралық Аралды құтқару қорының саммиті өткенін хабарлаған болатынбыз. Іргелі жиын туралы әлемдік баспасөз жарыса ақпарат таратты. Осы орайда Орталық Азия мемлекеттері басшыларының аталған маңызды іс-шараға қатысты шетелдік ақпарат құралдарындағы жарияланымдарын ұсынып отырмыз.
Әлем • 28 Тамыз, 2018
Жапонияда аптап ыстықтан 6 мыңға жуық адам емханаға жеткізілді
20-26 тамыз аралығында Жапонияда аптап ыстықтан екі адам қайтыс болып, 6 мыңға жуық тұрғын емханаға жеткізілді, деп хабарлайды Жапонияның өрт сөндіру қызметі.
Аймақтар • 28 Тамыз, 2018
Қарағандыда балалар мен жасөспірімдер сарайында технопарк ашылады
Қарағандыда балалар мен жасөспірімдер сарайында технопарк ашу жоспарлануда. Онда робототехника, астрономия, құрастыру және инженерлік негіздер бойынша сабақтер өтеді. Оны құру және жабдықтау үшін қалалық бюджеттен 14 миллион теңге қаражат бөлінді.
Әлем • 28 Тамыз, 2018
Британдықтар – төзімді әрі байсалды халық
Қазақстанның Еуропадағы басты серіктестерінің бірі саналатын Ұлыбританиямен арада дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына ширек ғасырдан асты. Осы кезең ішінде өзара тиімді әріптестікке бағытталған байланыстар барынша нығая түсті. Осының нәтижесінде бүгінде Ұлыбритания Қазақстан экономикасына салынған инвестициялар көлемі бойынша ең ірі 6 мемлекеттің қатарынан саналады. Еліміздің Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі Ерлан ЫДЫРЫСОВПЕН әңгімемізде екі ел арасындағы саяси, экономикалық, мәдени байланыстардың негізгі бағыттары сөз болды.