Руханият • 28 Тамыз, 2019
Роза Мұқанова: Өлеңдерінен Фаризаның өзін іздедім...
Жақында әлеуметтік желіде жарқ ете қалған Фариза Оңғарсынова туралы қойылғалы жатқан «Фариза» спектаклінің афишасын көре салғаннан-ақ көңілді ерекше бір қуаныш кернеді. Бұл сезім тек біздің ғана емес, ақын өлеңін жастана оқыған әрбір оқырманға ортақ толғаныс екені анық. Өйткені өлеңін өміріне балап, ғұмыр бойы аялап өткен ақын жанының бар сыры мен болмысы қай кезде де оқырманын бейжай қалдырып көрген емес. Ал сол «Фариза» сахна арқылы тіл қатса, тіпті ғажап! Алматыдағы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында 5-6 қыркүйекте өтетін спектакль премьерасына дейін санаулы-ақ күн қалды. Осы орайда «Фариза» драмасының авторы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жазушы-драматург Роза Мұқановадан өзі танып, туындысына өзек еткен ақын әлемі туралы сыр бөлісуін сұраған едік.
Медицина • 28 Тамыз, 2019
Денсаулық саласына салынған қаржы көлемі өсті
Елімізде денсаулық сақтау саласына салынған негізгі қаржы көлемі былтырдан бері 13 пайызға өскен. Алайда, бұл мөлшер негізгі капиталға салынған жалпы инвестицияның 1 пайызына да жетпейді, дәрілек айтсақ 0,9 пайыз ғана. Бірақ былтырғы жеті аймен салыстырғанда биыл денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтерге салынған инвестиция көлемінде өсім бар.
Қоғам • 28 Тамыз, 2019
Оқырман хаты: Елеулі еңбекпен елеусіз жүрміз
Редакциямызға хабарласқан бір оқырман өзіндей көптің көкейінде жүрген түйткілді жайтты сөз етті. Сол сөзді қаз-қалпында өздеріңізге ұсынғанды жөн көрдік.
Қоғам • 28 Тамыз, 2019
Жуырда Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл көлінің төңірегінде ұзақ уақыт бойы браконьерлікпен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Бұл топ көлдегі майқан балығының уылдырығын заңсыз жолмен жинап, саудалап келсе керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасына орай ІІМ қызметкерлері бұл топты құрықтау үшін арнайы операция өткізді.
Қазақстан 720 млн доллар қарыз алды
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-тың қолдауымен, «ҚазТрансГаз» АҚ және «Trans-Asia Gas Pipeline Co. Ltd» компанияларының бірлескен кәсіпорны – «Бейнеу – Шымкент газ құбыры» ЖШС (БШГҚ) халықаралық банктермен жалпы сомасы 720 млн АҚШ доллары болатын синдикатталған қарыз тарту туралы кредиттік келісімге қол қойды.