Жоба • 01 Тамыз, 2025
Ымдау тілін түсіндіретін кешен
Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтының жетекші ғылыми қызметкері, PhD, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Әйгерім Ерімбетованың жетекшілігімен «Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған адамдарға арналған жасанды интеллект негізіндегі сурдо-ресурстар кешені» әзірленіп жатыр. Жобаға Л.Н.Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің зерттеуші ғалымдары тартылған.
Шаруашылық • 01 Тамыз, 2025
Елдегі аумағы 3 млн гектардан асатын су айдынында 70-тен астам балық түрі мекендейді. 1 340 субъекті мен 8 өңіраралық бассейндік инспекцияда 12 мыңнан аса адам жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Аманғали Бердалиннің айтуынша, бұл сала өкілдерінің де елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосатын үлесі аз емес.
Абай • 01 Тамыз, 2025
«Көзімнің қарасы» – көздің қарашығы емес
«Абайдың өлеңдерін мың қайтара оқып, жаттап жүрген адамдардың да Абайдың кейбір өлеңдерінің мағынасын түсініп жетпей жүргендерін байқағаным бар» деп Ахмет Байтұрсынұлының бұдан ғасыр бұрын айтқан сөзі бар.
Экономика • 01 Тамыз, 2025
Рейтингі жоғары компанияға неге ренжиміз?
Іркес-тіркес вагон доңғалақтарының шойын жолға табан төсеп, зымырап беруі қаншалықты оңай болғанымен, осы салаға жауапты мекемелердің заулап бара жатқан пойыз қозғалысын реттеуі, ондағы баға мен сервисті қолайлы етуі соншалықты қиынға соғады. Қыс болса уақытынан сағаттап кешіккен отарбаны сарыла күткен, жаз болса билет таппай, тапса да тоқты-торымның пұлын бір-ақ төлеп сапырылысқан жұрт. Таяуда «Қазақстан темір жолы» ресми сайтынан билет іздегенде бағаның шарықтап тұрғанына тағы куә болдық. Мәселен, Астана қаласынан Шу қаласына жету үшін бір адам купе-вагонның үстіңгі орнына 30 мың теңге төлеуі керек. Отбасымен аттанса, бір бағыттық шығын 100-120 мыңға айналады.
Білім • 01 Тамыз, 2025
Ертіс-Баянда ұлылардың ғылыми-ағартушылық мектебі бар
Кең-байтақ қазақ даласының төрт құбыласының бірі болған Ертіс-Баян өңірінде ғылым мен білімнің, мәдениет пен руханияттың сарқылмас кені бар деп нық сеніммен айта аламын. Бұл жерде сонау ХІХ ғасырда өмір сүріп, халқына адал қызмет еткен әйгілі ағартушы Мұса Шорманұлының қалыптастырған ғылыми-ағартушылық мектебі бүгінгі буынмен жалғасып жатыр. Сондай-ақ бұл қазақ ғылымының шамын жаққан әйгілі Қаныш Сәтбаев, қазақ археологиясының негізін салған Әлкей Марғұлан, қараңғы қазаққа күн болып келген Сұлтанмахмұт Торайғыров, ұлтының шамшырағына айналған алғашқы ұстаздардың бірі Әбікей Сәтбаев сынды тұлғалардың ізі қалған киелі мекен.