Оқиға • 28 Тамыз, 2025
Жылдамдықты бақылау жүйесі 109 мыңнан аса заң бұзушылықты анықтады
2025 жылдың көктемінен бастап халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік құралдарының орташа қозғалыс жылдамдығын тіркеу жүйесі жұмыс істеп келеді. Арнайы бақылау камералары жолдардың түзу учаскелеріне орнатылған, ал орташа жылдамдық белгілі бір аралықты жүріп өтуге жұмсалған уақыт арқылы есептеледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 28 Тамыз, 2025
Биометриялық тексерістен қалай өтеміз?
Жуырда ЭЦҚ алу жүйесі толық онлайнға көшкен еді. Бірақ көпшілік биометриядан өту кезінде қиналып жатыр. Осыған байланысты Ұлттық куәландырушы орталығы (ҰКО) түсіндірме жасап, бірнеше кеңес берді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 28 Тамыз, 2025
«Самұрық-Қазына» басшылығы директорлар кеңесіне есеп берді
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің отырысы өтті. Жиында Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Мемлекет басшысының ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы есеп берді. Сондай-ақ Қордың биылғы жеті айдағы негізгі жұмыс нәтижелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 28 Тамыз, 2025
Бакалавриат, магистратура және докторантура студенттерінің шәкіртақысы қанша
Қазақстанда 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап шәкіртақы мөлшері өседі. Бұл туралы ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 28 Тамыз, 2025
Айырбастау пункттерінде рубльдің артық жиналуы антирекорд орнатты
Қазақстандағы айырбастау пункттері ресейлік рубльдің шамадан тыс жиналуымен бетпе-бет келіп отыр. Ұлттық банктің деректеріне сүйенсек, шілде айында қолма-қол рубльді сату -53,2 млрд теңгені көрсеткен, бұл шамамен 100 миллион АҚШ долларына тең. Яғни, халық айырбастау орындарына бұрынғыдан әлдеқайда көп рубль өткізген, деп хабарлайды Egemen.kz.