Президент • 02 Тамыз, 2025
Президент Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысады
Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанның Аваза қаласында өтетін Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Аймақтар • 02 Тамыз, 2025
Батыс Қазақстан облысында 2023–2025 жылдары жаңадан 50 медициналық нысан салу жоспарланған. Жақында Сырым ауданының Шағырлыой ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Бұл өңірдегі осындай 45-нысан.
«Таза Қазақстан» • 02 Тамыз, 2025
Маңғыстау өңірінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық тазалық акциясы қарқынды жүріп жатыр. Тазалық жұмыстары, әсіресе туристер көп жазғы мезгілде маңызды әрі қауырт болып тұр.
Тұлға • 02 Тамыз, 2025
Оқырман тарих саласынан академиялық басылымдардың қалай әзірленіп, жарияланатынын әрі ол білім-ғылым, мәдениет саласына не беретінін жіті байыптаса игі. Ел тарихының академиялық басылымы оқулықтармен қатар барлық тарихи энциклопедияларға да, тарихи-танымдық, ғылыми-көпшілік еңбектерге де негіз болады. Өйткені ол – кейінгі ғылыми жетістіктерге табан тіреген, шынайы көзқарас тұрғысынан жазылған ғылыми жұмыс. Осы арқылы білім саласы да, мәдениет саласы да керегін алады, бағытын анықтайды.
Абай • 02 Тамыз, 2025
Мұхтар Әуезов Жамбылдан: – Абай қандай ақын? – деп сұрайды. Сонда Жамбыл: «Абай – пайғамбар ғой», деп жауап береді. Жамбыл Абайдың суретіне қарап: «Мынау тұрған Абайдың суреті ме? Өлең-сөздің ұқсаған құдіретіне», дейді.