Аймақтар • 02 Тамыз, 2025
Жаңаарқа кентінде жас кәсіпкер Жанар Әшірова автокөліктің майын ауыстыруға арналған техникалық қызмет көрсету орталығын ашты. Аталған нысан Жаңаарқа ауданы әкімінің жастарға арналған осы жылдағы гранты аясында жүзеге асқан.
Аймақтар • 02 Тамыз, 2025
Семейде салық мөлшері неге өзгерді?
Алмақтың да салмағы бар. Абай облысының тұрғындары мүлік және жер салығының мөлшері артуына алаңдаулы. Өңірде жеке тұлғалардың аталған салығы қалай есептелуіне қатысты бірқатар ерекшелікті еске сала кеткенді жөн көрдік.
Ғылым • 02 Тамыз, 2025
«Egemen Qazaqstan» газеті отандық ғылымның дамуы жолында жасалып жатқан қадамдарға, ғалымдарымыздың әр жетістігіне, әрбір өнертабысы мен зерделеу жұмыстарына ақпараттық қолдау көрсетіп келеді. Осы дәстүрімізді жалғастырып, зерттеушілердің кейінгі ізденістерінің нәтижесі туралы кезекті шолуды ұсынып отырмыз.
Спорт • 02 Тамыз, 2025
Грекия астанасы – Афинада жасөспірімдер (U-17) арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында 45 кг салмақ дәрежесінде күш сынасқан грек-рим күресі шебері Жаңажол Қуанышбек бас жүлдені олжалады. Аса шиеленісті финалдық сайыста ол қырғыз Нұркерім Құмарбековты 8:7 есебімен еңсерді. Оған дейін Жаңажол Болгария, Молдова, Иран балуандарын жолынан ығыстырған еді. Нұрдәулет Құмарұлы (48 кг) мен Нұрәлі Асқар (55 кг) күміс, Шәміл Досбол (65 кг) мен Марлен Мейірбекұлы (71 кг) қола медаль иеленді.
Футбол • 02 Тамыз, 2025
«Астана» мен «Қайрат» – үшінші кезеңде
УЕФА Чемпиондар лигасы іріктеу турнирінің үшінші кезеңінде өнер көрсеткен еліміздің қос командасы да жеңіске жетіп, жанкүйерлерін қуантты.