Аймақтар • 28 Тамыз, 2019
Қостанайда Nur Otan партиясы жемқорлыққа қарсы күресте күш біріктіреді
Бұл жөнінде «Nur Otan» партиясы ҚОФ саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылды. Жиында партия белсенділерін топтастыру, жемқорлықпен күресті күшейту, биліктің барлық деңгейінде партия жауапкершілігін арттыру және ақпараттық саясатты қайта қарау сияқты маңызды мәселелер талқыға салынды. Бүгінде нұротандықтардың Қостанайдағы қатары 66 мыңнан асып, олар 416 бастауыш партия ұйымының басын біріктіріп отыр. Кеңес барысында партиялықтар тұрғындар тарапынан түскен түйткілді мәселелерді шешу жолдарын ұсынып, партия жұмысын жандандыруда өздерінің орамды ойларын ортаға салды.
Аймақтар • 28 Тамыз, 2019
Шалқар-Имантау курорттық аймағына 6 жылда 23 млрд теңге бағытталады
Өңірдің інжу-маржаны саналатын, көркемдігі көз тойдыратын Солтүстік Қазақстандағы Шалқар-Имантау аймағы алдағы 6 жылда адам танымастай өзгереді.
Футбол • 28 Тамыз, 2019
Футбол: «Астана» Беларуссияға аттанды
Ертең Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 23:00-де Беларусияның Борисов қаласында футболдан Еуропа лигасы аясында жергілікті БАТЭ мен «Астана» арасында қарымта кездесу өтеді.
Тағайындау • 28 Тамыз, 2019
Екібастұз қаласының жаңа әкімі тағайындалды
Ержан Иманзайыпов Екібастұз қаласының әкімі болып тағайындалды. Кеншілер шаһарының жаңа басшысын қала активіне Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов таныстырды. Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Теннис • 28 Тамыз, 2019
Теннис: Үш жерлесіміз жеңіске жетті
Нью-Йоркте жалауы желбіреген АҚШ-тың ашық біріншілігінің екінші айналымына еліміздің үш теннисшісі жолдама алып отыр.