Экономика • 05 Тамыз, 2025
Агроөнеркәсібі қуатты Қостанай
Дәнді даласымен даңқы шыққан Меңдіқара өңірінде Қостанай облысының ауыл шаруашылығы жетістіктері мен техника қуатын жария еткен халықаралық көрме өтті. «Jańa Dala-Qarqyn 2025» деп аталған ауқымды іс-шараға 20 шақты елден 500-ден астам агротехника сатушылар, халықаралық бидай саудасымен айналысатын компаниялар, диірмендер, элеваторлар, логистикалық компаниялардың, ғылыми институттардың өкілдері, алыс-жақыннан келген ірі шаруашылықтар, фермерлер қатысып, өзара сауда-саттық, ынтымақтастық жөнінде келісімшарт жасасты.
Форум • 05 Тамыз, 2025
Игілікке бастайтын инвестициялық форум
Орал қаласында «KazService» ұйымының бастамасымен «ҚПО: Стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру жолында» атты өңірлік инвестициялық форум өтті. Форумға ел экономикасының күретамыры саналатын мұнай-газ саласының ірі инвесторлары қатысып, жиын барысында жергілікті бизнестің мүмкіндігін кеңейту, отандық қамтуды арттыру және өндірісті әртараптандыру мәселелері талқыланды.
Қоғам • 05 Тамыз, 2025
Қазақстан тарихының бірінші томы бекітілді
Алматыда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты жеті томдық академиялық басылымды әзірлеуге қатысты редакция алқасының кезекті отырысы өтті.
Саясат • 05 Тамыз, 2025
Қырғыз тарапының шақыруымен Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Бішкекке ресми сапармен барды. Сапар аясында М.Нұртілеу Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың қабылдауында болды.
Саясат • 05 Тамыз, 2025
БҰҰ-ның өңірлік орталығы – Орталық Азиядағы жаңа бетбұрыс
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге сапармен келген БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен Алматы қаласында келіссөз жүргізіп, өз ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы қарсаңындағы тығыз жұмыс кестесіне қарамастан, мәртебелі мейманның Алматыға арнайы келгенін атап өтті.