Руханият • 02 Тамыз, 2019
Жазғы каникул күндері Баянауылға демалуға Моңғолиядан қазақ диаспорасының балалары келіп, олар «Жас дәурен» орталығына орналасты. Оларды облыс әкімдігі, білім беру басқармасының мамандары, ақ жаулықты апалар шашу шашып, аталар арнау айтып қарсы алды.
Аймақтар • 02 Тамыз, 2019
Сөйтіп Жандос Төкіш енді бір ай бойы кәсіпкер Алексей Мазурдың асханасынан тегін тамақтанады.
Аймақтар • 02 Тамыз, 2019
Алматы мен Шымкент қаласының тұрғындары енді Яндекс карталары арқылы велосипедпен серуендеуді жоспарлай алады. Бағдарларды сайтта немесе iOS және Android құрылғыларына арналған қосымшада құруға болады.
Аймақтар • 02 Тамыз, 2019
Орал әуежайының ғимараты жаңарады
Орал қаласындағы халықаралық әуежай ғимаратын қайта құру және жаңғырту жұмыстары басталды. Жобаның бастамашысы – «Орал» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы болса, қажетті қаржыны өңірдегі ең ірі Қарашығанақ кенішін игеруші КПО.б.в компаниясы бөліп отыр.
Спорт • 02 Тамыз, 2019
Құралбек Ордабаев: Қазақ футболының болашағынан үлкен үміт күтемін
Құралбек – қазақ футболының ардагері, әйгілі қақпашы. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы. КСРО спорт шебері. Өткен ғасырдың 70-жылдары «Қайрат» футбол командасының сапына қабылданып, аталмыш клуб қақпасын 12 жыл (1971-1982) қорғаған әйгілі футболшы. Әсіресе, 11 метрлік айып добын қайтаруда одан асқан шебер болмаған. Кезінде КСРО құрамасының белді футболшысы және киевтік «Динамоның» шабуылшысы, «Алтын доп» иегері, КСРО чемпионатында 211 гол соққан атақты Олег Блохинның өзі Құралбек ағамыз жайлы былай деген екен: «Менің «Спартак», «Торпедо», тағы басқа командаларға соққан добым есімде. Бірақ маған «Қайратқа» гол соғу өте ауыр болды. Өйткені команданың қақпашысы Ордабаевтан өте алмадым. Құралбек пенальти қайтарудың асқан шебері еді». Міне, біздің Құрекеңді мықтылардың өзі мойындаған. Сол сияқты осы жылдары Одақ көлеміне тарайтын үлкен беделге ие «Советский Спорт» газетінің 1973 жылғы сәуір айының 24-і күнгі санында қазақ қақпашысы Құралбек жайлы: «...алматылық «Қайраттың» қақпашысы Құралбек Ордабаев биылғы көктемнің өзінде командасын пенальтиден төрт рет жеңіске жеткізді. Ол «Пахтакор» және тбилисилік «Динамомен» кездесулерде ерекше көзге түсті. Әсіресе, мәскеулік «торпедошылармен» болған ойында екі рет 11 метрлік соққыны қақпасына дарытпады» деп жазыпты. Яғни 1973 жылы бір маусымда 16 пенальтиді қайтарып, КСРО чемпионатында «пенальти қайтарудың хас шебері» деп атанған Құралбекті Одақ жанкүйерлері толық мойындады. Құралбек Ордабаевпен бірге ойнаған футболшылар да оның пенальтиден бөлек ойын кезінде «тоғыздыққа» көзделген допты қалай қағып жіберетінін тамсана айтады. Кезінде Құрекеңмен бірге бір командада доп ойнаған Сейілда Байшақов: «Одақ біріншілігінде тең түскен екі команда жеңімпазды пенальти арқылы анықтайтын заман болды. Сондай сәттерде біз Ордабаевқа сенім артамыз. Ол бізге үнемі жеңіс сыйлайтын. Тіпті қарсыластарымызбен тең түскен жағдайда Құралбекке сеніп, алдын ала жеңіске жететінімізді біліп отырушы едік. КСРО-ның атақты шабуылшылары біздің қақпаға доп дарыта алмай, пұшайман болған сәттерін талай рет көрдім» дейді. Сонымен... қазақ футболының шежіресін парақтасақ, Құралбек Ордабаев «Қайрат» қақпасын 185 рет қорғаған екен. Ол «Қайратқа» алғаш келген 1971 жылы Халықаралық теміржолшылар одағының кубогын жеңіп алды. Біз бүгінде мерейлі 70 жасқа толып отырған әйгілі қақпашымен сұхбаттасқан едік.