Театр • 01 Тамыз, 2023
Алдымызда Мәскеу, шегінерге жол жоқ!
Қазақстандағы білікті театр сыншылары «отандық театрдағы сана төңкерісі» деп баға берген «Ұждан» қойылымы алдағы күзде Ресей астанасында өтетін «Подмосковные вечера» VII халықаралық театрлар фестиваліне шақырту алды. Жүсіпбек Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театрының ұжымы тамыз айынан қызу дайындыққа кірісіп кетуді жоспарлап отыр.
Мәдениет • 01 Тамыз, 2023
Қарқара!Құр Қарқара!Жел Қарқара!Талайды тамсандырған өр Қарқара!Төсіңе кіндігінің қаны тамған,Қабыл ал, төл перзентің келді ортаңа, –деп Асанқадыр ақынның жыр шумақтарымен шашу шашылып, тиегі ағытылған «Қымыз фестиваліне» қарақұрым халық жиналды. Тарихы терең, сыры мол, жасыл кілемдей құлпырған жайлау төріне ақшаңқан үйлер тігіліп, атакәсібіміз салтанат құрды. Мәңгілік мұраға айналған қолөнердің түр-түрі көптің назарына ұсынылды. Әр ауылдық округтің өкілдері халық әндерін тамылжыта шырқап, жүн сабап, көрпе құрау, сырмақ басып, кесте тігу, келі-келсап, диірменмен тары-талқан тартып, жент жасау, күбі пісіп, қымыз ашыту шеберліктерін паш етті. Сөйтіп, Мыңжылқы жайлауында әп-сәтте ата-бабамыздың сан ғасырлық салт-дәстүр, әдет-ғұрпы жаңғырып, елдік пен ерліктің рухы асқақтап, көгінде халықтық ән-күй қалықтады. Жайлауға жиналған жұрт суретшілердің, ауыл шаруашылығы көрмесімен танысып, рухани азық алды.
Футбол • 01 Тамыз, 2023
Қырғыз Республикасының Ыстықкөл өңірінде Орталық Азиядағы түркітілдес елдердің футбол қауымдастықтары басшыларының бейресми жұмыс кездесуі өтті.
Аймақтар • 01 Тамыз, 2023
Жылыой – сан ұрпаққа мекен болған, етек-жеңі мол пішілген, сәулет өнерінің сан түрлі архитектуралық ескерткіштеріне бай, Қарашүңгіл қауымы маңында, қазақ жерінде тұңғыш мұнай бұрқағы атқылаған мұнайлы аудан. Бұл өңір сәулет өнерінің сан түрлі архитектуралық ескерткіштеріне бай десек, сәулет өнерінің сан түрлі қолтаңбасы – Ақмешіт қауымы, Дәдем ата, Ұшқан ата, Жұбан тамы мазары, Дүйсеке ата, Құлшан әулие, тағы да басқа қауымдар көп ұшырасады. Асан Қайғы, Доспамбет, Шалкиіз жыраулар жырға қосқан ардақты мекен.
Теннис • 01 Тамыз, 2023
Теннистен әлемдік рейтингте 412-сатыда тұрған жерлесіміз Денис Евсеев Астанада ұйымдастырылған Президент кубогі аясындағы «Челленджер» жарысының жекелей сынында жеңімпаз атанды.