Жастар • 01 Тамыз, 2023
Жастар арасындағы жұмыссыздық пен еңбек жағдайын жақсарту мәселелерін шешуге Кәсіподақтар федерациясының жанынан ашылған «Келешек» жастар кеңесі де араласып жүр. Осы мақсатта мекеме Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетімен меморандумға қол қойды. Құрамына 400 мыңнан астам адам кіретін кеңес жас жұмыскерлердің құқығын қорғап, ұсыныстарын қабылдайды.
Өнер • 01 Тамыз, 2023
Алғыр ұрпақ және ұтымды креатив
Қазір креатив кез келген салада табысты, жемісті нәтиже береді. Елімізде осы шығармашылық әлеуетті қолданып, қоғамдағы түрлі әлеуметтік, өзекті мәселелерді қозғап, халықтың санасын оятып жүрген жастар бар. Олар ән мен әуенді, би мен өнерді поэзиямен ұштастырған «Тäuel[dı]sız» арт-жобасының мүшелері. Еркін ойлы топ жөнінде жоба продюсері әрі авторы Руслан Жұбаныш кеңінен әңгімелейді.
Қоғам • 01 Тамыз, 2023
Tax Free жүйесі: Ел экономикасы үшін тиімді ме?
Tax Free – Қазақстанға қонақтап келген шетелдік туриске тауар сатып алғанда қосылған қосымша құн салығының сомасын қайтаруға мүмкіндік беретін жүйе. Ашып айтқанда, шекара асып шеттен келген азамат біздің елден бір затты сатып алып, өзімен бірге алып кетпекші болса, онда оған тауар сатып алған кезде төлеген қаражатының 12%-ын құрайтын қосымша құн салығының бір бөлігі қайтарып беріледі.
Қазақстан • 01 Тамыз, 2023
Мәлім де беймәлім туристік мекендер
Былайғы жұрт Көкшетау дегенде табаны тисе де, тимесе де Щучье-Бурабай курорттық аймағындағы демалыс орындарын біледі. Астанаға жолы түскен қонақтар реті келсе, «көп естігеннен бір көрген артық» деген ниетпен Бурабайға баруға тырысады. Шын мәнінде, орманды нуы мен суға бай Ақмола облысында экотуризм мен этнотуризмге таптырмайтын өзге де аудан, ауылдар бар емес пе? Керек десеңіз, сыры мен сыйы бүгулі жатқан көрікті орындарға қазірден туристерді тартуға болады.
Елорда • 01 Тамыз, 2023
Вандализммен күрес - ортақ міндет
Күн сайын Елорда көшелерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін Ұлттық ұланның әскери бөлімінің қызметкерлері мен 2500-ден астам полиция қызметкері тынымсыз қызмет етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.