Спорт • 02 Тамыз, 2023
Жақында Ұлан ауданының спорт десе ішкен асын жерге қоятын жанкүйерлері жерлестері, жарты ғасыр бойы волейболдан аудан намысын абыроймен қорғаған, дүбірлі жарыстарда өз командасымен байрақты бәсекелерде топ жарған Бақытжан Нұрсұлтановтың құрметіне турнир өткізіп, жарыс көрігін қыздырды.
Теннис • 02 Тамыз, 2023
Балалар спортын дамыту – басты мақсат
Алматыда алғаш рет бес жас санатында үстел теннисінен «WTT Youth Contender Almaty» халықаралық жасөспірімдер турнирі өтті. Төрт күнге созылған аламан сайысқа әлемнің 13 елінен 159 спортшы қатысып, бақ сынасты.
Олимпиада • 02 Тамыз, 2023
Алдағы Олимпиададан не күтеміз?
Францияның бас шаһары – Парижде алауы тұтанатын XXХIII Жазғы Олимпия ойындарының басталуына да бір жылдан аз уақыт қалды. Өткен аптада Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) басшысы Томас Бах ұйымға мүше 203 мемлекеттің Ұлттық Олимпиада комитетіне Париждегі төртжылдықтың басты додасына ресми шақырту хат жіберді. Олардың қатарында Қазақстанның да Ұлттық Олимпиада комитеті бар.
Футбол • 02 Тамыз, 2023
Бұқаралық спортты дамытуға бағытталған Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан футбол федерациясы елімізде футбол алаңдарын қайта жаңарту бағдарламасын енгізді.
Спорт • 02 Тамыз, 2023
Польшаның бас шаһары – Варшавада ұйымдастырылған әйелдер күресінен XXVII Poland Open халықаралық турнирі өз мәресіне жетіп, жерлестеріміз байрақты бәсекеде 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.