Әлем • 01 Тамыз, 2017
«Домбыра мені Түркияға мәшһүр етті»
Түркияда қазақ өнері мен мәдениетін зерттеп, оны жан-жақты насихаттап жүрген жандардың бірі – Седат Солакоглы. Біз домбыраны жанына серік еткен өнерпазды аз-кем әңгімеге тартқан болатынбыз.
Әлемді отбасы құндылықтары алаңдатады
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында өткен XIII «Еуразия» халықаралық кинофестивалінде 300-ге жуық фильм көрсетіліп, 200-ден астам қонақ шақырылған, кинематографистер үшін өзін, өзгені таныған нағыз мерекеге айналды. Шара барысында Николас Кейдж, Эдриен Броуди, Джон Малкович секілді белгілі кино актерлерімен шығармашылық кездесулер өтті.
Қазақстан • 01 Тамыз, 2017
Шарғы қазақтарының шытырман тарихы
«Үрейлі қазақтар». Қазіргі таңда еліміз шекарасынан тыс жерде 5 млн қандасымыз өмір сүріп жатыр. Соның ішінде 1 миллионнан астам қазақ көрші Ресей территориясында. Осылардың бір парасы – Ресей Федерациясы Алтай Республикасының Усть-Кан ауданы (Кан-Оозы) Шарғы ауылының қазақтары. Шарғы елді мекенінің орысша атауы – Черный Ануй.
Үлкен дүниенің бәрі ұсақ нәрседен басталады. Адамның мәдениеттілігі де солай, қолындағы темекі тұқылын бей-берекет лақтыра салу ұсақ нәрсе сияқты. Бірақ содан адамның мәдениеттілігі көрінеді. Ішкі мәдениеті жоғары, жақсы тәрбие көрген адам ешқашан қолындағы қоқысты шаша салмайды, қандай алыста болса да тастайтын жәшік іздейді, тіпті таппаса барынша елеусіз етіп, шашылып жатпайтындай қылып тастауға тырысады. Отырған жеріне бей-берекет түкіре беретіндерден де адамның мәдениеттілігі көрінеді. Сол сияқты патриоттық сезім, туған елге деген сүйіспеншілік те ұсақ нәрседен аңғарылады.
Бұрындары біреулердің қажырлылықпен тындырып тастаған бір ісін көргенде немесе көп алдында қасқайып тұрып айтып салған қара қылды қақ жаратындай батыл сөзін естігенде «Әй, азамат екен, нағыз жігіт екен!» деп жапа-тармағай ризашылық білдіріп, таңдай қағып таңқалғандай болып жатушы едік.