Мәдениет • 02 Тамыз, 2023
Ұлтымыздың жазба әдебиетінде Абайдан кейін әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен көрнекті ақындарымыздың бірі Сұлтанмахмұт Торайғыров екені мәлім. Отты жырларымен Алаштың алдаспанына айналып, қысқа ғұмырында соңына өлмес рухани қазына қалдырған ақынның 130 жылдық мерейтойына орай Баянауылдың Торайғыр ауылында дүбірлі той өтті.
Қоғам • 02 Тамыз, 2023
Елімізде цифрландыру саласы қарқынды дамып келеді. Мәселен, көптеген қызметті электронды үкімет арқылы онлайн ала беруге болады. Енді білім саласы да цифрлық технология мүмкіндігін пайдаға асырып, оқулықтарды онлайн форматқа көшіріп жатыр.
Білім • 02 Тамыз, 2023
IT мамандарына сұраныстың артуы – заман талабы. Технология дәуірінде кез келген адамның осы салада сауатты болуы маңызды. Ал қыр-сырын меңгеріп, кәсіпке айналдырса, әсіресе әйелдерге тиімді әрі табысты жұмыс. Дәл осы мақсатта Astana Hub Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен бірлесіп IT саласында жұмыс істегісі келетін әйелдерге білім беру үшін IT-Aiel бағдарламасын іске қосты.
Мәселе • 02 Тамыз, 2023
Интернет сапасы жүйкені жұқартып тұр
Ел астанасындағы интернет сапасы қала тұрғындарының көңілін көншітпей тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та осы жайды елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте қозғаған болатын.
Туризм • 02 Тамыз, 2023
73 жастағы қария әлемді жаяу араламақ
Ұлытаулық 73 жастағы ақсақал Сәрсенбай Қотырашов 2 тамыздан бастап әлемді жаяу аралауға аттанады. Ол 2022 жылы 181 күннің ішінде 8 мың шақырым жол жүріп, еліміздің барлық өңірін аралап шыққан еді. Сол саяхат «Ұлытауға бардың ба?» деп аталған болса, жаңа сапарға «Саяхаттау ешқашан кеш емес» деген ұран таңдап алынды.