Аймақтар • 01 Тамыз, 2017
ОҚО-да жыл соңына дейін жөндеу жұмыстарынан өткен 18 көпір пайдалануға беріледі
Оңтүстік Қазақстанда жыл соңына дейін 18 көпір тиісті жөндеуден өтіп, ел игілігіне беріледі. Атапа йтқанда, бүгінгіт аңда 13жол өткелі күрделі жөндеу көріп жатса, 5 көпі рорташа жөндеу жұмыстарынан өтуде.
Аймақтар • 01 Тамыз, 2017
Петропавлда жастар арасындағы жанжалдан бірнеше адам жарақат алды
Петропавлда дәмханалардың бірінде ішімдікке масайып, көңіл көтерген жастар арасындағы дау-жанжал ушығып, оның ақыры қару қолдануға ұласты.
Қазақстан • 01 Тамыз, 2017
Өткен айда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 800 млн теңге түсті
Осы жылдың шілдесінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 800 млн теңге түсті. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрайымы Елена Бахмутова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аймақтар • 01 Тамыз, 2017
29 шілдеде Тарбағатай ауданының орталығы Ақсуат ауылында дүркіреген айтыс өтті. «Туған жерге туыңды тік» тақырыбындағы жыр додасына Ринат Зайытов, Жансая Мусина, Рүстем Қайыртайұлы, Қуаныш Шарманов, Қалижан Білдәшов, Мұхтар Ниязов, Аспанбек Шұғатаев, Әсем Ереже, Мақсат Ақанов, Шұғайып Сезімхан, Төлеген Жаманов сынды еліміздің ақындарынан бөлек Ерлан Дәулетұлы (Моңғолия) мен Жарқынбек Бердібекұлы (Қытай) сынды айтыскерлер қатысты.
Қазақстан • 01 Тамыз, 2017
Астанада өткен XXV «Опералия» байқауының жеңімпаздарын Пласидо Доминго жария етті. Опера өнерінің жас өкілдері Адела Захариа (сопрано, Румыния) мен Леви Секхапан (тенор, Оңтүстік Африка) халықаралық «Опералия» байқауының бас жүлдесін иеленіп, ең жоғарғы 30 мың доллар көлеміндегі ақшалай сыйлықпен марапатталды. Ал екінші орынға, 20 мың долларлық жеңіске Кристина Мхитарян (сопрано, Ресей) мен Давиде Джусти (тенор, Италия) қол жеткізді. Үшінші орын, 10 мың доллар жерлесіміз Мария Мудряк (сопрано) пен Леон Кимнің (баритон, Корея) еншісіне бұйырды.