Аймақтар • 29 Тамыз, 2022
Бұл – өңірдегі тұңғыш тамыз кеңесі. Жетісу өз алдына дербес облыс болғалы білім саласының мамандары бір шаңырақ астында алғаш рет бас қосып отыр. Болашақтың баяны, келешектің кепілі мұғалім берген сапалы білімге байланысты. Биыл білім саласының бюджеті 138 млрд теңгеден асып отыр. Бұл – әлеуметтік салаға бөлінген қаражаттың шамамен 65 пайызы. Демек жетісулықтар басым бағытты білім саласына бұрып отыр деген сөз.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2022
Облыс орталығындағы көрнекті, әсем аллеяға Кеңес Одағының Батыры, жалынды ақын, әскери тілші Мұса Жәлелге ескерткіш қойылды.
Қазақстан • 29 Тамыз, 2022
Қобда бетіндегі Құнанбай жегжаты
Өткен айда Бай-Өлке аймағына барған сапарымызда ақын-драматург, даңғыл жыршы Ақтан Бабиұлы атындағы орталық кітапханада өткен іс-шараға қатыстық. Биыл туғанына 125 жыл толып отырған Ақтан ақын – Моңғолия мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер және Алтай-Қобда қазақтарының әдеби фольклорлық үлгілерін заманға сай дамытқан тұлға.
Қазақстан • 29 Тамыз, 2022
Шоқжұлдыздай шағын ауылдың күзгі кейпі көңіл тояттарлық екен. Әр үйдің маңындағы етек-жеңі кең пішілген, еңселі мал қораларының жанына қоянжон маялар үйіліпті. Қарағаштың етегіндегі кең алқаптың үстінде күзгі орақтың лебі еседі. Береке-бірліктің, ырыс пен ынтымақтың жан жадыратар лебі. Ат басын әдейілеп іздеп келген нағашымыздың үйіне тірегенбіз. Мейман күтіп жатқан жайы бар екен. Біз үстінен түстік. Көптен көрмеген нағашымыз құшақ жайып қарсы алды.
Қазақстан • 29 Тамыз, 2022
Баянауылдағы «Тотия» тауы бүккен құпиялар мен Ақтоғай өңіріндегі тарихи тұлғалар – зерттелмей, көпшілікке мәлім болмай келе жатқан тың тақырыптар. Жергілікті өлкетанушылар аймақ ғалымдары осы бағыттарда ізденіп, еңбектер жазуын сұрап отыр. Өлкедегі петроглифтер мен жәдігерлер топтастырылған түрлі түсті кітап шығару, археологиялық зерттеулер жүргізу мақсат етілуде.