Қазақстан • 28 Тамыз, 2019
Қазақстанда жаңа мамандықтар атласы жасалады
Тиісті шешім Нұр-Сұлтанда өткен салалық біліктілік шеңберлері мен кәсіби стандарттарды әзірлеу бойынша Біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің отырысы барысында қабылданды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 28 Тамыз, 2019
Мәжіліс депутаттары Ақмола облысында өткен ауыл әйелдерінің форумына қатысты
Бүгін Көкшетау қаласында өткен Ақмола облыстық ауыл әйелдерінің форумына Мәжіліс депутаты Майра Айсина қатысты. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 28 Тамыз, 2019
«Ұлы Дала Елі» атты бейнетұсаукесерлер сайысы өтті
Риддер қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында жоғары сынып оқушылары және қаладағы үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен «Ұлы Дала Елі» атты бейнетұсаукесерлер сайысы өтті.
Қазақстан • 28 Тамыз, 2019
Грекия Елшісі Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтады
Бүгін Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Грекия Елшісі Александрос Катранисті Қазақстан Республикасындағы миссиясының аяқталуына орай қабылдады. Кездесу барысында СІМ басшысы А.Катраниске екіжақты байланыстарды нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін алғысын білдіріп, оған естелік сыйлық табыс етті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 28 Тамыз, 2019
Арыс қаласында 7262 үй қалпына келтірілді
28 тамызға дейін Арыс қаласында 7262 үйдің негізгі қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, оның 549-да косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.