Қоғам • 03 Тамыз, 2023
Киік кесірі: Шаруалар өтемақы сұрайды
Батыс Қазақстан облысында шаруа қожалықтары дабыл қағып жатыр. Облыс аумағында 1,3 млн га жер киік табанының астында қалып, зардап шеккен. Өңірдегі шаруалар жайылым мен шабындық, кей жерде тіпті егіс алқабы бүлінгенін айтады. Шұғыл түрде республика бюджетінен көмек болмаса, биылғы қысқа қажетті мал азығы жиналмайын деп тұр.
Спорт • 03 Тамыз, 2023
Талантты жазушы, еліміздегі Андерсен атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Марат Қабанбай тірі болғанда 75 жасқа толар еді.
Спорт • 03 Тамыз, 2023
Қырғыздар да қазақтар секілді күресті ерекше құрметтейді
Қазақстанда өтетін жарыстарда Жоламан Шаршенбековті жиі кезіктіріп жүрміз. 60 кг салмақта күш сынасатын қырғыз балуаны сол додалардың барлығында асқан шеберлігімен дараланып, еліне үнемі бас жүлдемен оралып жүр. Жалпы, Жоламанның жүріп өткен жолы жарқын жеңістерге толы. Ол 2018 және 2021 жылдары өткен әлем чемпионаттарында күміс медаль алса, былтыр бас жүлдені олжалады. Азия чемпионатында алтын мен күмісті қос-қостан еншіледі. Оған қоса, Әлем кубогі мен Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы деген атағы тағы бар. Осы белестердің барлығын Жоламан 23 жасына дейін бағындырды. Осыдан бірер ай бұрын ғана ол Астанада ұйымдастырылған құрлықтың басты додасында да атой салды. Сол кезде аталған саңлақпен әңгімеслескен едік.
Өнер • 03 Тамыз, 2023
Балаларға арналған хореографиялық қойылым қазіргі қоғамдағы өзекті мәселенің бірі – өскелең ұрпақтың гаджеттерге тәуелділігі тақырыбын қозғайды. Осындай күрделі тақырыпты режиссерлер мен автор қарапайым би тілімен жеткізген. Спектакльде көрсетілгендей, шынайы өмірде де көптеген ата-ана заман ағымына еліктеп, баланың сәби кезінен бастап ұлттық құндылықтарға, тәлім-тәрбиеге қызығушылығын оятудың орнына, көңілін гаджет беріп табады. Бұл әрекетінің соңы немен аяқталуы мүмкін екені ойына да кіріп шықпайды.
Қоғам • 03 Тамыз, 2023
Қолдары шипалы, жүректері мейірімді
Мен – жеті жастағы Әзиз Жамбылдың нағашы әжесімін. Біз Батыс Қазақстан облысындағы Казталов ауданының Көктерек ауылында тұрамыз. Мен «Egemen Qazaqstan» газеті арқылы өзім мен жиенімнің анасы, яғни қызым Нұрлы Сейфоллақызының атынан Ақтөбедегі «Ана мен баланы қорғау» орталығының мамандарына алғысымды білдіргім келеді.