Әдебиет • 03 Тамыз, 2023
«Айналамыз таниды кейде бізді...»
Футболшылар гол соғады. Шамамен жиырма кісі арбасып, қырық көз, қырық аяқтың арасынан айласын асырып, ала допты алып шығып, қақпаға салу деген... Әлгі жиырманың жанталасы, арбасуы, ақыл-айласы, айбар-сұсы мен мысы – бәрі-бәрін өтіп келгені аз, алдындағы қақпашыны да қапы қалдыру керек. Қас-қағым сәтте оның да есебін тауып, қақпашының бұтының арасынан допты бұлт еткізді делік.
Әдебиет • 03 Тамыз, 2023
Өлімнен қашқан Қорқыт зары, Желмаясына мініп жерұйық іздеген Асан қайғы болмысының мәні біз ойлағандай болмауы мүмкін. Әрине, талғамға талас бар. Адам жалғыздығына бойлап, өлім сырына үңілгенде ғана өмір бөлшектерін шынайы тани түспек. Алып бұлтқа барар саты болса, ол тек жалғыздық атты баспалдақтардан құралған.
Әдебиет • 03 Тамыз, 2023
Жазушы Ерболат Әбікенұлының әңгімелерін оқып отырып, еріксіз Чехов есіңе түседі. Кейіпкерлері де шебер Чеховтың кейіпкерлеріндей қоңыр дүниеде қоңыр тіршілігін кешіп жүрген кішкентай адамдар. Олар кейде сезімтал, кейде аңғал, енді бір сәтте дөп-дөкей шенеунікке айнала жөнеледі.
Қоғам • 03 Тамыз, 2023
Облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен «Бөл, тапсыр, қайта өңде!» жобасы аясында сенбілік өткен еді. Сенбілікке қатысқан еріктілер 30 қаптан аса қоқыс жинаған.
Қоғам • 03 Тамыз, 2023
Қазақстандағы Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры сирек тоғайлы ормандарды жандандыру бағытындағы жобасы аясында климаттық өзгерістер, қалдықтар, су және табиғат сияқты төрт негізгі бағытқа көзделген экологиялық жауапкершілік стратегиясын жүзеге асыруды жалғастырып келеді.