Қоғам • 03 Тамыз, 2023
Алматының «Ақкент» тұрғын үй кешенінде болған өрт салдарынан 43 адам зардап шегіп, 4 бала жансақтау бөлімінде жатыр. Өкінішке қарай, 31 жастағы әйелді ажалдан арашалау мүмкін болмады. 16 қабатты үйдің бесінші қабатындағы пәтерлер жалынға оранып, 200-ден астам тұрғын эвакуацияланды.
Қоғам • 03 Тамыз, 2023
Қазақ тілі – жеті жұрттың тілін меңгерудің бастамасы
Баланы қандай мектепке берген дұрыс: қазақ сыныбына ма, орыс сыныбына ма? Бұл сұрақ соңғы жылдары жас ата-аналар арасында жиі қойылатын болып жүр. Өз жерінде отырса да, ұрпағымды қай тілде оқытамын деп бас қатыратын біз ғана шығармыз. Бірақ қанша байбалам салсақ та, бүгінгі күннің мызғымай тұрған шындығы осы.
Тарих • 03 Тамыз, 2023
Түрксіб деген атпен белгілі Түркістан мен Сібірді, яғни оңтүстік пен солтүстікті жалғайтын теміржол жобасының идеясы 1896 жылы патша өкіметі кезінде туған. 1906 жылы Барнаул – Семей – Верный – Пішпек – Меркі – Луговой – Арыс теміржол құрылысына арнайы қаржы бөлінеді.
Өнер • 03 Тамыз, 2023
Ұлттық бидің Словениядағы салтанаты
Жақында оныншы мерейтойлық маусымын сәтті қорытындылаған «Астана Опера» театрының әлем бойынша турлары әлі де жалғасып жатыр. Өткен аптада Словенияда өткен 71-інші жазғы Любляна фестивалі аясында мазмұнды гастрольдік бағдарламасын тарту етіп, табысты өнер көрсетіп қайтқан театрдың балет труппасы шетелдік көрермендерін теңдессіз талантымен тәнті етті. Әлемдік балет жұлдызы, «Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова құрған гастрольдік бағдарлама екі күннің ішінде Крижанке жазғы сахнасында 10 мыңға жуық көрермен жинады.
Мәдениет • 03 Тамыз, 2023
Орал қаласында жырау шақырып, бағзы замандағыдай жыр кешін ұйымдастыру соңғы жылдары біраз азаматтың көкейінен шықпай жүр еді. Жайқалған жаздың бір сәтті күні оның да орайы келді.