Қарақожа мешіті және Жұпан ана
Мәдени мұра
Жеңіл атлетика • 02 Тамыз, 2017
Өткен аптаның аяғында Коста-Рикада жалауын көтерген «Вуэльта» бәйгесінде «Astana Women’s Team» командасының 22 жастағы шабандозы Арленис Сьерра жеңіске жетті.
Тәрбие • 02 Тамыз, 2017
Өзімнің әжелік үлгімді, үлкендік жолымды көрсетейін деп, «Менің тәрбие сағатым» деп өзекжарды ойларымды жаза бастадым.
Кино • 02 Тамыз, 2017
«Тарихымызда жолдарымыздың түйіскен жерлері көп»
Т.Әбдімомынов атындағы Қырғыз ұлттық академиялық театрының әртісі Әзиз Мурадилаев кино әлеміндегі жаңа есім емес. «Құрманжан датқадағы» Алымбек рөліне дейін де айыр қалпақты ағайындар кино-драматургиясының талай-талай марқасқа бейнелерін жасады. Ал оның жарқ етіп көрінген жұлдызды шағы жоғарыдағы тарихи тұлғаны сомдаған тұсы. ХVIII ғасырда қырғыз халқы бастан кешкен саяси үдерістер мен қоғамдық ахуалды Алымбек және Құрманжан датқалардың драмасы арқылы танытқан дүниені біз де тұшынып көрдік. Фильмнің премьерасына байланысты Алматыға келген Әзизбен кездесіп, сұхбат беру туралы уәдесін де алған едік. Арада аз уақыт өткенде «Әзиз Мурадилаев бауыр циррозы дертіне шалдығыпты. Тез арада донор керек» деген суыт хабар бізге де жетті. Қырғыз елі «Әзиз Мурадилаевқа көмектесеміз» акциясын ұйымдастырып, жиналған қаржыны оның денсаулығының түзелуіне жұмсалды. Алғашқыда Мәскеуде, сосын Ыстанбұлда ем алды. Қазір – Бішкекте, театрға қайта оралды. Қырғыз-қазақ көрермендерінің көзайымына айналған актер екі жыл бұрынғы уәдесін орындап, сұрақтарымызға ықыласпен жауап берді. Әріден толғап, әңгімесін бастады.