Бағдарламалар • 03 Тамыз, 2017
Институттық реформаның іске асырылу барысы қаралды
Үкіметтің баспасөз орталығы кеше «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру шараларына арналған брифингтер легін экономика тақырыбында жалғастырды. Онда «Индустрияландыру және экономикалық өсім» деп аталатын үшінші институттық реформаның іске асырылу барысы қаралды.
Медицина • 03 Тамыз, 2017
Соңғы жылдары вакцинаның төңірегінде дау өршіп, қоғамда қызу талқыланатын тақырыпқа айналды. Дәрігерлер ектірудің пайдасын дәлелдеумен әлек болса, көпшіліктің көкейінде оның қауіпсіздігі мен сапасына күдік те туа бастады. Енді біреулер шариғат тыйым салған деген желеумен балаларына екпе салдырудан үзілді-кесілді бас тартып жатыр...
Ау, ағайын, осы арагідік тас туралы, «тас» сөзінің санамызға сіңген сіреу ұғымы туралы бір сәт ойланып көрдік пе? Мына күйбең тірлікте соған мұршамыз да келе бере ме? Қайырымсыздықты, қаталдықты «қара тас», «тас бауыр», «тас жүрек» деп бейнелейміз. Сөйтіп, тастың сүйкімін кетіреміз. Ал осылай дегенде тасқа обал жасап жүрген жоқпыз ба?!
Халыққа қажет құқықтық ақпарат
Бүгінгі ақпараттық қоғамда халықтың құқық жүйесіндегі заңнамалық ахуалмен құлақтанып отыруы аса қажет. Қазір дүкенге кіріп азық-түлік алғаннан бастап, баспанаңды ресімдеу, қызметке орналасу сияқты әлеуметтік-тұрмыстық іс-әрекеттің бәрінде адам өз құқын анық біліп, жаңа заңдық нормалармен таныс болмаса ертеңгі күні опық жеуі ықтимал.
Бағдарламалар • 03 Тамыз, 2017
Ішкі көші-қон: іргелі мақсат, ілгері қадам
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауындағы «Үшінші кешенді міндет − еңбек нарығын жаңғырту» атты бөлімінде басы артық жұмыс күші бар өңірлерден басқа жерлерге, ауылдардан қалаларға жұмыс күшін ұтымдылықпен тартуға қолдау көрсету жөнінде орынды атап көрсетілген болатын.