Қазақстан • 02 Тамыз, 2018
Сырттай оқу 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тоқтатылады
ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Қазақстанда сырттай оқудың жойылуы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Сұрақ министрге «Ашық диалогта» қойылған болатын.
Футбол • 02 Тамыз, 2018
«Астана» Чемпиондар лигасының үшінші кезеңіне жолдама алды
УЕФА Чемпиондар лигасында сынға түсіп жатқан елорданың «Астана» командасы аталған турнирдің екінші іріктеу кезеңі аясындағы қарымта кездесуде Дания чемпионы «Мидтьюлланд» клубына қарсы ойнап, тең нәтижеге қол жеткізді. Екі ойын қорытындысы бойынша турнирдің келесі кезеңіне жолдама алды.
Әдебиет • 02 Тамыз, 2018
Арман Әлменбет. Менің бірінші бизнесім (Хикая)
Бұл хикая үлкен өмірге енді араласа бастаған Еркіннің дүниеге деген қалыптасып келе жатқан көзқарасы, пайымы туралы. Өзінің алғаш бизнес бастар алдындағы, оны іске асырған кездегі ойын саң-саққа бөлген тәжірбиесіздігі мен жастығы хикаяның өне бойында жап-жақсы көрінеді. Дербес ойлауды, шешім қабылдай алуды, қоғамдағы қалыптасып қалған, бұзылмастай көрінетін түсініктерге Еркіннің ішкі қарсылығы анық білінеді. Жеке жұмыс жүргізудің өз тәртібі, өз ережесі бар екенін түсінсе де, ата-анасының сөзіне қарсы шыға алмаған Еркіннің бойындағы кемшілік – шарасыздығы. Алғашқы бизнесін бастап, жалғастыра алмаған оны әлі талай жұмыс күтіп тұрғандай. Хикаяның қазақ тілін үйреніп жүрген орыстілді ортаға лайықталып жазылған нұсқасын ұсынып отырмыз.
Аймақтар • 02 Тамыз, 2018
Әйгілі француз сауда бренді Қазақстан нарығына қадам басты
Алматы облысы Қарасай ауданының аумағында «Leroy Merlin» гипермаркеті ашылды. Осылайша, әлемге әйгілі француз сауда бренді Қазақстан нарығына тұңғыш рет қадам басты.
Медицина • 02 Тамыз, 2018
Қаланың орталық саябағы таңертеңнен күн батқанша ерсілі-қарсылы адамнан арылмайды. Жай басып, демалып жүрген адамдар қаланың азан-қазан шуына әбден құлағы жауыр болғандықтан ба, саябақтағы сән үшін қойылған темір бағанның басына қыстырылып қалған құстың дауысын ешкім де елең қылған жоқ. Тек қызымен қыдырып жүрген Татьяна Владимировна ғана темір бағанның тұсынан бір-екі рет өткенде құстың дауысы қинала шығып жатқанын байқады.