Әлем • 03 Тамыз, 2018
«Винни-Пух» кітабының түпнұсқа иллюстрациясы 570 мың АҚШ долларына сатылды
CNN телеарнасының хабарлауынша, А. А. Милнның 1926 жылы жарық көрген «Винни-Пух» кітабына арнайы салынған түпнұсқа иллюстрация Sotheby’s аукционында рекордтық баға – 570 000 АҚШ долларына сатылды. Sotheby’s аукцион үйі туиттер парақшасында: «Винни Пухтың жүз акр орманының түпнұсқа иллюстрациясы 430 000 фунт стерлингке сатылды. Бұл аукционда осыған дейін сатылған кітап иллюстрацияларының ең қымбаты» деп жазған.
Тарих • 03 Тамыз, 2018
1970-ші жылдардың аяғы... Заяат Мәлікұлы деген қария Моңғол елінің Қобда аймағында дүниеден өтті. Ақсақал бес тіл білетін сұңғыла, шариғат жолын ұстанған, оқығаны мен тоқығаны көп кісі еді.
Тәрбие • 03 Тамыз, 2018
Көкейкесті: Сананың өзгеруі – тәрбиеден
Бүгінде білім мен ғылым барынша дамып, ел экономикасы ілгері басқанымен, рухани дүниемізге, адами құндылықтарымызға қаяу түскенін жасыра алмаймыз. Адамгершіліктің алтын діңгегін босаңсытып, рухани әлемімізді асқақтататын асыл құндылықтарға деген әуестігімізді әлсіретіп алдық. Ата-бабаларымыз қастерлеген ар-ұят, намыс, әдеп сақтау, жақын жандарды аялау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, әдет-ғұрып, салт-дәстүрге берік болу сынды асыл қасиеттерден ажырап, алыстап бара жатқандаймыз. Қарақан басының қамын күйттеп, өз жағдайын жасауды ғана мұрат тұтатын жанның ел мүддесіне басын ауыртпасы анық.
Әке тәрбиесіне қатысты сөз қозғалғанда әйгілі Әуезов әңгімелеген Құнанбай мен Абай арасындағы классикалық диалог еске түседі. Сол мәслихатта «мұқым қазақ тегіс ақыл сұраған» айбарлы аға сұлтан ертеңгі Алаш мұратының алтын қазығы Абайға «жайдақ су сияқтысың» деп мін тағады.