Қазақстан • 29 Тамыз, 2017
Жоғарғы Соттың жанындағы Халықаралық кеңестің үшінші отырысы өтті
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми, «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басқарушысы Қайрат Келімбетов, Англия және Уэльстің бұрынғы Жоғарғы судьясы Лорд Гэрри Вульф Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және АХҚО арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі.
ЭКСПО-2017 • 29 Тамыз, 2017
Атыраулық ардагерлер көрмені аралады
Облыстық ардагерлер кеңесі аға буын өкілдерін еліміздің тарихындағы елеулі оқиға – халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне жіберу туралы шараларды ағымдағы жылдың басынан бастап қолға алған болатын.
ЭКСПО-2017 • 29 Тамыз, 2017
Кеше Мексика ұлттық күнін атап өтті (ЭКСПО жаңалықтары)
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қалашығында Мексика Құрама Штаттарының ұлттық күні өтті. Мерекеде сахна төріне сомбреро киіп шыққан гитарашылар мен мариачи стиліндегі музыканттар төл өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар қазақстандық қобызшы Ақерке Тәжібаева мен «Preciado Ballet» би тобының орындауларындағы туындылар көрермен көңілінен шықты. Концерттік бағдарламадан кейін екі елдің делегациялары Латын Америкасы плазасына мерекелік шерумен барып, Мексика павильонын аралады.
Қазақстан • 29 Тамыз, 2017
«Талаптың мініп тұлпарын», өз өмірі мен білімін мемлекет пен халық қауіпсіздігін қорғауға арнаған, қазақтың қабырғалы азаматтарының өмір тарихы тұнып тұрған өнеге көзі емес пе?! Жалындаған жастық шақтың жігерін, орта жастың кемел ақыл қуатын, білімі мен тәжірибесін Отан үшін сарқа жұмсаған, айбынды ағаларды ардақтап, қайратты інілердің тынысы мен ырысына айналған өнегелі, ісімен кейінгілерге үлгі болған азаматтарымыздың бірі – Сәбит Сәуменұлы Тауланов.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2017
Татарстан мен Талдықорған арасы
Татарстан Республикасының Президенті Рустам Минниханов Алматы облысына арнайы жұмыс сапарымен келді. Ол облыс әкімі Амандық Баталовпен кездесіп, бірқатар келісімдер жасалды. Сондай-ақ, облыстың тыныс-тіршілігін бағамдап, жеткен жетістіктерімен танысты.