Аймақтар • 29 Тамыз, 2019
Орал қаласында татуласу орталығы ашылды
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты мен Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы арасындағы әріптестік туралы меморандумды жүзеге асыру мақсатында Орал қаласында Татуласу орталығы ашылды.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2019
Оралда белсенді жастар тәжірибе алмасты
Орал қаласында Қазақстанның батыс өңірлерінен және Нұр-Сұлтан қаласынан келген белсенді жастар екі күн бойы кездесіп, тәжірибе алмасты.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2019
Бір кеште елу әзіл сурет салады
Украиналық әзіл суреттер салу ісінің белгілі шебері Анатолий Бабич Ақтөбеге ивент агенттіктерінің бірінің шақыруы бойынша келген еді. «Апама да барайын, қойымды да қарайын» дегендей, ол қазақстандық қалада корпоративтік іс-шараларға қатысуға да, сонымен бірге өз қалаулары бойынша ақтөбеліктердің әзілге құрылған суреттерін тегін салып беруге де уақыт тапты.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2019
Қостанай қаласының 140 жылдық мерекесі қарсаңында қаланың орталығында «Тобыл ойшылы» аталып кеткен Қола дәуірі жәдігерінің үлкейтілген көшірме мүсіні пайда болды. Мұны қостанайлық мүсіншілер Егор Кислицин мен Владислав Галбин осыдан екі жыл бұрын жасаған болатын.
Қазақстан • 29 Тамыз, 2019
Ядролық қарудан азат аймақтар арасында ынтымақтастықты нығайту талқыланды
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі БҰҰ Қарусыздану мәселелері жөніндегі басқармасымен (UNODA) бірлесіп, барлық ядролық қарудан азат аймақтар (ЯҚАА), қызығушылық танытқан халықаралық және өңірлік ұйымдар, бақылаушы мемлекеттер өкілдерінің қатысуымен ядролық қарудан азат аймақтар арасында ынтымақтастықты нығайтуға арналған семинар өткізуде. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.