Руханият • 29 Тамыз, 2023
Абай шығармашылығы мен ғұмыры жайында жазылған зерттеу еңбектердің саны жыл өткен сайын артып, жаңа деректердің халыққа жария болып жатқаны белгілі. Әйтсе де, Болат Жүнісбеков құрастырған «Абайдың ақын ұлдары» атты жинақ пен осы автордың зерттеулері мен эсселері топтастырылған «Абай сәулесі» атты кітаптың орны бөлек.
Руханият • 29 Тамыз, 2023
Ұлытау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен республикалық «Мәдениет» порталы бірлесе маусым айының басында «Ұлытау: Сөз бен сурет» атты республикалық байқау жариялаған еді. Байқауға 40 ақын мен 50 суретші қатысып, бақ сынады.
Мәдениет • 29 Тамыз, 2023
Шымкенттегі Тәжікстанның мәдени күндері
Қазақстан мен Тәжікстан Республикалары арасында дипломатиялық байланыстың орнағанына 30 жыл толуына орай Шымкентте көрме өтті. Көрмеге тәжік бауырлар ауыл шаруашылығы өнімдері мен қолөнер бұйымдарын қойды. Атшаптырым жерді алатын көрме ішіне осының бәрі сыйса, далада бақша дақылдарынан тізілген пирамида көздің жауын алды. Сонымен бірге Қажымұқан стадионында тәжік шаруалар өндірген тауарлар көрмесі мен ұлттық тағамдар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Тұлға • 29 Тамыз, 2023
Алматы қаласының Ұлттық кітапханасында белгілі балалар жазушысы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Еңбек Қызыл Ту орденінің, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Пернебай Дүйсенбиннің 80 жылдық мерейтойына орай «Дарынымен дараланған дарабоз» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2023
Деннің саулығынан асқан байлық жоқ. Бірінші байлықтың қадірін біліп, бұқаралық спортты серік ететіндер көбейіп келеді. Атырау облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Дастанбек Қоспановтың айтуынша, қазір 227 мыңнан аса тұрғын спортпен тұрақты шұғылданады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,3%-ға өскен.