Қазақстан • 30 Тамыз, 2022
Жаңғырған Конституция – әділетті қоғам құрудың кепілі
Уақыт өте келе, ұрпақ ауысқан сайын Негізгі Заң да өзгеріске ұшырап отырады. Бұл – өмірдің, заманның талабы. Дамудың басты шарты да осы – өзгеріс. Биыл 5 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының ұсынысымен жалпыхалықтық референдум өткені баршаға мәлім. Конституцияның үштен бір бөлігі өзгерді. Ең бастысы әрі маңыздысы – қарапайым халық бұл өзгерістерді жылы қабылдады. Өйткені жаңарған Конституцияның негізінде Жаңа Қазақстан, ашық әрі әділетті қоғам құру деген арман-тілек жатыр.
Қазақстан • 30 Тамыз, 2022
Конституциялық реформа: Негізгі Заңға өзгерістердің мәні мен маңызын терең түсінген дұрыс
Конституция – еліміздің басты, жоғары мемлекеттік Заңы. Осыған байланысты Конституция күні – республиканың барлық азаматтары үшін айтулы күн. Бұл күні, 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда республикамыздың қазіргі уақытқа дейін қолданылып жүрген Негізгі Заңы қабылданды.
Қазақстан • 30 Тамыз, 2022
Болашағымыздың бұлжымас бағдары
Қазақстан Республикасының Конституциясында тек адамның, азаматтың, мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың мәртебесі ғана емес, стратегиялық құқықтық идеялар да айқындалды. Атап айтқанда, Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп, ал оның ең басты құндылығы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жарияланды.
Аймақтар • 30 Тамыз, 2022
Өңірдегі өзекті мәселелермен танысты
Солтүстік Қазақстанға сапары барысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Оқушылар сарайының мәжіліс залында облыс тұрғындарымен кездесті. Кездесу кезінде ТЖ туындаған кезде халықты хабардар етуге, су тасқыны кезеңінде суда және тұрғын үйлерді су басудың алдын алуы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға, көп қабатты тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігіне қатысты халық қойған өзекті сұрақтарға жауап берді.
Әлем • 30 Тамыз, 2022
Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс өзге елдердің саяси бағыттарына біршама өзгеріс енгізді. Бұл өзгеріс екі Скандинавия елінің саяси ұстанымын да айналып өтпеді. Швеция мен Финляндия Ресейдің Украинаға 24 ақпанда басып кіруінен кейін ондаған жыл бойы ұстанып келген бейтарап саясатынан бас тартып, осы жылдың 18 мамырында НАТО-ға қосылуға ресми өтініш берді. Екі елдің мүшелігін қабылдауға қарсы болған Түркия мен Скандинавия елдерінің өкілдері келіссөздер негізінде ортақ пікірге келіп, үшжақты меморандумға қол қойылды.