Тарих • 29 Тамыз, 2018
ХХ ғасыр басында қазақты ел болдырудың қамына кіріскен алашшыл азаматтар қолдарынан келген істі атқарды. Яғни 1917 жылдың аяғында Орынборда өткен жалпықазақ сиезінен кейін Алашорда үкіметі негізі іс-қимыл атқару орталығы ретінде Семейді таңдаса, батыс алашордашылар 1918 жылдың ақпан айында Жымпиты уезінің орталығы Қаратөбеде кезекті жиын ашып, батыс өңірде атқарылуы тиіс істерді талқылады. Бұл жиын тарихқа «Қаратөбе сиезі» деген атпен қатталды.
Әлем • 29 Тамыз, 2018
Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарының тоғызыншы күні еліміздің қоржыны екі жүлдемен толықты. Көркем гимнастшы Алина Әділханова жекелей сында алтын жүлде еншілесе, синхронды жүзу спортының өкілі апалы-сіңілілі Немичтер Азиаданың қола жүлдегері атанды.
Қазақстан • 29 Тамыз, 2018
Халықаралық ұйым озық құрылғылармен қамтылды
Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов пен шетелдік дипломатиялық миссиялар басшылары Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесі (АӨСШК) Хатшылығына барып, арнайы жасақталған конференц-залдың ашылу рәсіміне қатысты.
Спорт • 29 Тамыз, 2018
«Астана» велокомандасы «Испания вуэльтасында» бірінші орынға шықты
Никита Стальнов «Испания вуэльтасының» төртінші кезеңінде америкалық Бен Кингтен кейінгі екінші орынды иеленді, деп хабарлайды astanaproteam.kz.
Қазақстан • 29 Тамыз, 2018
Судьяларды іріктеу мен жылжытуды жетілдіру туралы баспасөз мәслихаты өтті
Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде судьяларды іріктеу мен жылжытуды жетілдірудің жаңа әдістеріне арналған баспасөз мәслихаты болып өтті.