Оқиға • 31 Тамыз, 2021
Жамбылдағы төтенше жағдайдың себебі неде?
Осы жылдың 26 тамызы күні кешке Жамбыл облысында Қорғаныс министрлігіне қарайтын әскери қоймада төтенше жағдай орын алып, таң атқанға дейін 10 рет жантүршігерлік жарылыс болып, 15 адам қаза тапты, ондаған адам жарақат алды.
Әдебиет • 31 Тамыз, 2021
Кез келген адамда көп жағдайда, парасатты жандарда кей жағдайда ақылдың алдында жүретін ашу-ызаның адам өміріндегі мәні өте зор. Ашу-ызамен адам тау қопарып, тасты теседі деп әсірелемей-ақ қояйық, бірақ қоғамның атмосферасына елеулі түрде әсер етеді. Әсіресе, көптің ашуы, сұп-суық ызалы сөздердің нөсері бағытталған кісісін бір жақты етері анық.
Әдебиет • 31 Тамыз, 2021
Күллі оқырманын «Алтын ғибадатханасымен» тәнті еткен Юкио Мисиманың әдебиеттегі ұлы міндеттері сәтімен орындалды деп айтуға болады. Бұлай дейтініміз, ол қаламның құдіретті екенін анық сездірген жапон қаламгерлерінің ішіндегі мінездісі еді.
Аймақтар • 31 Тамыз, 2021
Салынған жолдың сапасы жақсарды
Жол құрылысында ақау жоқ. Бұл сұраққа «Маңғыстауда жолдар сапалы салынуда» деп жауап береді Ұлттық жол сапасы орталығының Ақтаудағы өңірлік филиалының басшысы Елтай Таялиев.
Қазақстан • 31 Тамыз, 2021
Мемлекеттілігіміздің темірқазық бағдары
Қазақстан өзінің демократиялы, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет екенін Ата Заңы арқылы бүкіл әлемге танытты. Қазақстан Республикасының Конституциясы егемен мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан заңнамалық құжат болды. Бұл Заңның қабылдануы конституциялық құрылыстың саяси-құқықтық негізін қалады. Әрбір қазақстандық азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі. Тұңғыш рет бүкілхалықтық талқылауға салынған да, елдің көптеген пікірі ескерілген Негізгі Заң да осы 1995 жылы қабылданған Конституция. Қазір келтіріп жүрген мәліметтерге сүйенсек, құжатты талқылауға 3 млн 345 мың адам қатысыпты.