Саясат • 15 Тамыз, 2024
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Тайланд Корольдігі Премьер-министрінің орынбасары Пхамтум Вечайячайдың кездесуінде сауданы дамыту, туризм және спорт саласындағы ынтымақтастық, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру және қазақстандық өнім экспортын ұлғайту бағытындағы екіжақты қарым-қатынастың негізгі мәселелері талқыланды.
Салық • 15 Тамыз, 2024
Инвестор салық талабына келісе ме?
Уран қайтадан инвестиция құралына айнала бастады. Соңғы бір жылда радиоактивті металл бағасы екі есеге жуық өсті. 2024 жылдың қаңтарында 1 фунт уран оксидінің спот бағасы 94 доллардан асты. Ақпанда баға 107 долларға жетті. Көктемнің басында құнның төмендеуі тіркелді, бірақ мамырда металл қайтадан қымбаттады. 27 мамырда уранның 1 фунты 92,10 доллар болды. Шілдеде уран бағасы 1 фунт үшін 86 долларды көрсетті. Осы орайда еліміз уран өндіруге арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесін кезең-кезеңімен – 2025 жылы 6%-дан 9%-ға, 2026 жылдан бастап сараланған тәртіппен 18%-ға дейін көтеруді жоспарлап отыр.
Сұхбат • 15 Тамыз, 2024
Әзілхан Тәжекеев: Археология саласы толық жаңаруды күтеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында халқымыздың өткенін түгендеу, тарихи жадымызды қалпына келтіру, соның ішінде археология саласын дамытуға қатысты келелі ойларын ортаға салды. Біз Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты Астана филиалының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, PhD Әзілхан ТӘЖЕКЕЕВТІ әңгімеге тартып, саладағы қордаланған проблемалар жайында сұрап білдік.
Аймақтар • 15 Тамыз, 2024
«Research and Development Solutions-RDS» – өңіріміздегі бағдаршамға жауапты бірден-бір кәсіпорын. Шахтинск, Теміртау, Қарағанды, Саран қалаларына орнатылып жатқан жол реттілігін реттейтін бағдар бағаналарын өзіміздің жергілікті кәсіпорын шығаратыны қуантады.
Құрылыс • 15 Тамыз, 2024
Құрылысты цифрландырудың игілігі
Бүгінде үлестік құрылыстағы мәселені шешу және проблемалық нысан тәуекелін азайту мақсатында құрылыс салушы мен сатып алушы арасында шарт жасасу үдерісін цифрландыру жұмысы мәресіне жақындады.