Қоғам • 15 Тамыз, 2024
Өз баламызды өзекке теппесек...
Тоғызыншы сыныпты кілең бестікпен бітірген Әселдің спорттағы жетістігі де толайым. Мектебінің мерейін асырып, ата-анасы мен ұстаздарының қуанышы болып жүр. Алайда былтыр 16 жасқа толған Әселге құзырлы орын жеке куәлік беруден бас тартты. Өйткені Қазақстан Республикасының азаматы емес екен. Оны 16 жасында бір-ақ білген баланың қандай күй кешкенін сөзбен айтып жеткізу қиын.
Байқау • 15 Тамыз, 2024
Адам жанын арашалауға асыққандар
Жуырда Петропавл қаласында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің қатысуымен еліміздің түкпір-түкпірінен келген жедел жәрдем бригадалары арасында жеделдік, шеберлік, кәсіби көмек сараланған республикалық спартакиада өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 20 команда қатысты.
Қоғам • 15 Тамыз, 2024
«Самұрық-Қазына» отандық өндіріске қандай қолдау көрсетті?
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов жақында ғана өткен Үкімет отырысында қордың сатып алу жүйесі арқылы отандық кәсіпорындарға жасалып отырған қолдау шаралары туралы жан-жақты баяндады.
Саясат • 15 Тамыз, 2024
Олжас Бектенов: Мұнай-газ саласы халықтың игілігіне қызмет етуі керек
Үкімет басшысы Олжас Бектенов мұнай-газ саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңес барысында мұнай өндіру мен өңдеудің сын-тегеуріндері мен келешегі, сондай-ақ геологиялық барлау саласындағы жаңа жобаларды іске асыру жоспарлары талқыланды.
Қоғам • 15 Тамыз, 2024
Ерекше балаларды оңалтатын ерекше орталық
Бүгінде «Самұрық-Қазына» қоры инклюзияны дамыту, баршаға тең мүмкіндіктер қалыптастыру бағытында игі істерді қолға алған. Ел көлемінде оңалту қызметін жүйелі түрде жолға қойды. Мұның дәлелі кейінгі үш жылда барлық өңірде, соның ішінде аудан орталықтарында түрлі бағыттағы 40 оңалту орталығы ашылды. 40 мыңнан аса бала оңалтудан өтіп, 7 мыңнан аса бала алғашқы қадамын жасады, тілінде мүкісі бар балалардың тілі шықты. Бұл – орталық мамандары мен ондағы заманауи технологиялар арқылы жеткен қажырлы еңбектің нәтижесі.