Зерде • 15 Тамыз, 2024
«Ер есімі – ел есінде» дейміз. Бірақ ерлігі лайықты еленбегендіктен, ерлердің ел есінде қалмағаны көп. Соның бірін бізге жақында редакциямызға хабарласқан оқырманымыз баяндап берді. Әңгімесін тыңдағанда үнсіз қалдық. «Ерлік лайықты бағасын алмай қалса, қандай қиын!» деп күрсіндік.
Мирас • 15 Тамыз, 2024
Темір ауданының орталығы Шұбарқұдық кентінен үш шақырым жерде Досжан ишан Қашақұлының мешіті бар. Оның құрылысын Шилісу өзені бойынан ұста Бірмән Көшімқұлұлы 100 адаммен бірге көтерген. Бірер жыл бұрын Ресей мұрағатынан атыраулық өлкетанушылар 1904 жылы Досжан ишан мешітін алыстан түсірген Дублянскийдің фотосын тапты. Қара күзде не ерте көктемде түсірілген болуы керек. Бір-бірімен жалғасып жатқан қам кірпіштен тұрғызылған там үйлер. Медресе оқушылары мен ұстаздарына арнап салынған үйлер сияқты. Әріректе мешіттің желкенді мұнаралары көзге шалынады. Тарихшы-археолог Серік Әжіғали Досжан ишан мешітін бірнеше күмбезді «желкенді мешіт» қатарына қосқан.
Тәрбие • 15 Тамыз, 2024
Өсіп келе жатқан жас ұрпаққа ұлттық құндылық пен салт-дәстүрімізді дәріптеу мақсатында Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Діндерді зерттеу орталығы Бурабай ұлттық паркі «Жеті қазына» этноаулында «Кемел жігіт – күйеу бала» атты ұлттық зияткерлік курсын өткізді.
Руханият • 15 Тамыз, 2024
Төлеби ауданындағы «Біркөлік» шипажайының табиғаты қандай тамаша, айнала ән салып тұрғандай. Таңғы ауаны құмарлана жұта бергің келеді. Келген күні үлгере алмасам да, ертесіне ертемен саумал ішуге келдім. Бірінші болып келдім бе десем, менен бұрын жетіп, кезек алғандар бар екен.
Алматы • 15 Тамыз, 2024
Мопед мінгендердің жауапсыздығы
Астана, Алматы, Шымкент секілді үлкен қалаларда құжынаған көліктермен жағаласып, қашан, қай бүйіріңнен шыға келетіні белгісіз зулайтын мопед мінгендерге көзіміз әбден үйренді. Өкінішке қарай, қазіргі таңда жолдағы ең қайғылы да жағымсыз ақпараттардың басым бөлігі осы қос дөңгелектілерге – скутер, мопед мінгендерге тиесілі болып тұр.