Жәдігер • 15 Тамыз, 2024
Домбыра – халқымыздың төл мұрасы, ғасырлар бойы қазақтың мұңы мен шерін тарқатып, көңілін жеңісіне шарықтатып, жеңілісінде демеген, арманын асқақтатып, өрістеткен аспабы. Мысалы, қара өлеңде «Домбырам екі ішекті, бетің қақпақ, Өзіңе перне байлап ішек тақпақ, Басыңа үкі қадап желпілдетіп, Қызығы – күмбірлетіп қолмен қақпақ», деп сипаттайды.
Мирас • 15 Тамыз, 2024
Керекуде ұлы ақын Абай медет тұтқан Шығыс шайыры Сабыр Сәйхалидің 1905 жылы жарық көрген жинағы табылды. Туынды 296 беттен тұрады.
Туризм • 15 Тамыз, 2024
Елімізде тарихы терең, табиғаты әсем жерлер баршылық. Соның бірі – Солтүстік Қазақстан облысындағы Айыртау ауданының аумағы. Оның жолы қалың тоғайлардың арасынан өтеді. Бұрын бұл аудан сұлулығы жағынан Бурабайдан кем түспейтін Имантау – Шалқар демалыс аймағы, ғалым Шоқан Уәлиханов өскен Айғаным ханшаның қыстауы, Ақан сері мен Үкілі Ыбырайдың шағын отаны ретінде әйгілі болса, қазір әлемге аты жайылған Ботай қонысымен де танымал.
Спорт • 15 Тамыз, 2024
Еркін күресте есеміз кетіп жүр
Париж Олимпиадасында еркін күрестен Қазақстанның ұлттық құрамасына бірде-бір жүлде бұйырмағаны, әрине, өкінішті. Сенім артқан төрт балуан бастапқы бәсекелерінде жеңілістің кермек дәмін татып, елге еңсесі түскен күйде оралды. Бірақ одан жарыстың қызығы мен шыжығы еш кеміген жоқ. Барша жанкүйер әлемнің әр қиырынан келген сақа спортшылар мен дарынды жастардың «жан алысып, жан беріскен» айқастарын тамашалап, солардың өрелі өнерінен керемет әсер алды.
Тағзым • 15 Тамыз, 2024
Батыр қабірінің топырағы туған жеріне жеткізілді
Кеңес Одағының батыры Әйткеш Ибраевтың Белоруссиядағы зиратынан алынған топырағы 80 жылдан кейін туған жеріне әкелініп, анасы Жамал Жұманбаеваның қабіріне қойылды. Іс-шараға ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, әскери қызметкерлер жиналды.