Білім • 31 Тамыз, 2020
Білікті педагог һәм сапалы оқулық
Қазақстанның келешекте әлемдік қоғамдастықтың төрінен орын алуы – бүгінгі мектеп қабырғасында білім алып жатқан жас ұрпақтың еншісінде. Оқушылардың жан-жақты дамыған, тәрбиелі, шығармашыл тұлға болып қалыптасуы ұстаздардың кәсіптік деңгейіне тікелей тәуелді екенін дәлелдеудің өзі артық. Ал мұғалімдерге қажетті кәсіптік білім жүйесін педагогикалық оқу орындары ғана береді.
Қоғам • 31 Тамыз, 2020
Компьютер мен планшет жеткілікті ме?
Еліміздегі орта білім беретін мектептер қашықтан оқыту форматына көшкен «төтенше» тоқсанда техникаға мұқтаж мұғалімдер мен оқушыларға мектеп балансындағы компьютерлер таратыла бастады. Жаңа оқу жылы жақындағанда бұл жұмыс қайта қарқын алды. Дегенмен оқушылар арасында техника тапшылығы әлі бар. Неге? Компьютерлер кімге берілді? Сапасы сын көтере ме? Бұл көмектің қандай талаптары бар?
Абай • 31 Тамыз, 2020
Мемлекеттік сыйлық – хакім атында
Мемлекеттік хатшы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлады akorda.kz сайты.
Руханият • 31 Тамыз, 2020
Арманы – Олимпиада чемпионын тәрбиелеп шығару
Әдетте кеншінің еңбегін игерілген қазба байлықпен, диқанның маңдай терін орылған аста-төк астықпен өлшеп жатамыз. Ал талантты тамырын басып таныған жаттықтырушының еңбегін немен өлшейміз сонда? Жауабы – біреу-ақ! Шәкірті шыңнан көрініп жатса жаттықтырушының да жанын салып еңбек еткенінің дәлелі емес пе? Мәселен, Олимпиада чемпионын тәрбиелесем деген арманы жетелеген жаттықтырушы-ауыр атлет, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Иван Снегуров та шәкірттерінің жеңісін өз еңбегінің өлшемі деп біледі.
Аймақтар • 31 Тамыз, 2020
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, Атырауда пәтер кезегінде 28 мыңнан астам тұрғын тұр. Биыл олардың 7 мыңға жуығына баспана бақыты бұйырғалы отыр. Осы мақсатта биылғы бес айда қаржыландырудың барлық көзі есебінен үй құрылысына 12,9 млрд теңге инвестиция бағытталды.