Қазақстан • 29 Тамыз, 2018
Алты боксшымыз Элистада жұдырықтасады
1-5 қыркүйек аралығында Ресейдің Элиста қаласында бокстан студенттер арасындағы әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Осымен жетінші мәрте ұйымдастырылғалы отырған айтулы жарыста елімізге еңбек сіңірген жаттықтырушы Дастан Сәдуақасов жетекшілік ететін Қазақстан құрамасы да өнер көрсетеді.
Қазақстан • 29 Тамыз, 2018
Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартты ұйымының қайраткерлері бас қосты
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның ядролық мұрадан бас тарту туралы шешімі халықаралық қауымдастыққа ядролық қарусыз әлемге қол жеткізуге болатынын көре алуға көмектесті. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астанадағы Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартты ұйымының «Өткенді еске алып, болашаққа беттеу» атты халықаралық конференциясының ашылу салтанатында атап өтті.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2018
Алматыда «Ядролық қарусыз әлем құру» атты халықаралық конференция өтті
Алматыда Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 27 жыл толуына және «Невада–Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының 30 жылдығына арналған «Ядролық қарусыз әлем құру» тақырыбында кездесу-конференция өтті. Қазақ ұлттық аграрлық университеті ұйытқы болған іс-шараға «Жапония-Еуразия елдері» қоғамының президенті Такеда Масанао бастаған делегация, «Қазақстан-Жапон» достық қарым-қатынас қоғамының президенті Жібек Әмірханова, екі елдің ядролық қаруға қарсы қоғамдық ұйымдарының белсенділері, БҰҰ өкілдері және қоғам қайраткерлері мен ғалымдар қатысты.
Қазақстан • 29 Тамыз, 2018
Бұқтырма су электр стансасының құрылғылары толық жаңартылды
Биыл Бұқтырма су электр стансасының салынғанына 58 жыл толып отыр. Қазір мұндағы жұмыс істеп тұрған 9 агрегат, жылына 2,4 млрд кВт/сағат электр энергиясын өндіреді.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2018
Ақтауда әскери қызметшілер 25 отбасыға көмек көрсетті
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясына қолдау білдірді.