Қоғам • 31 Тамыз, 2020
Пробация есебіндегі азаматтар жеке кәсібін ашты
Бүгінде мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көріп, шаруасын дөңгелетіп отырған жас кәсіпкерлер қатары артып келеді. Міне, осындай жас кәсіпкерлердің қатарында Қармақшы аудандық пробация есебінде тұратын азаматтар да бар.
Қоғам • 31 Тамыз, 2020
...ой қозғайды Қайтсек көбейеміз? Бар тапқанымызды шашып, қарызға шаш етектен батып, той жасаймыз. Сол жастарымыздың үйлене салып, үштен бірінің ажырасып кетіп жатқаны ешкімге құпия емес. Себебі неде деген сұрақ әрбір көзі ашық азаматты ойландырмай қоймайды. Оның бірнеше себебі болуы мүмкін: баспананың жоқтығы, отбасындағы тәрбиенің ақсауы, материалдық жетіспеушілік, жастардың отбасылық өмірге дайын еместігі және т.б.
«Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім»
Жыл басынан бері Қазақстанда браконьерлерден 256 тұтас ет пен 1245 киіктің мүйізі, сондай-ақ 5 қарақұйрық пен 2 ителгі тәркіленді. Мамандардың айтуынша, табиғат қаскөйлері ақбөкеннің мүйізін шамамен 2500-3 мың долларға дейін сатады. Қытайда оның құны 7 мың долларға дейін жетсе керек. Адамнан айла асқан ба?! Браконьерлер бағалы мүйізді ұнтақтап, кеден бекеттерінен байқатпай өткізіп жіберуді меңгеріп алыпты.
Оқиға • 31 Тамыз, 2020
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің хабарлауынша, биыл 25 тамызда шамамен сағат 23:30-да «Охотзоопром ӨБ» РМҚК инспекторлары табиғат қорғау іс-шараларын жүргізу кезінде Қызылорда облысы Қармақшы ауданы 3-ші Интернал ауылының егіс алқабындағы далалық жерде Тойота Ленд Крузер Прадо және Ауди 80 маркалы автокөліктерін тоқтатты.
Білім • 31 Тамыз, 2020
Атырауда білікті кадр тапшылығы әлі толық шешімін тапқан жоқ. Мәселен, медицинада 278 дәрігер жетіспейді. Ал білім саласына 472 педагог қажет. Сол себептен, жыл сайын мектеп бітіруші түлектерге облыс әкімінің гранты беріледі. Қазір еліміздің жоғары оқу орындарында әкімнің грантымен 500-ге студент білім алуда.